Мемлекеттік комиссия отырысы

Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов Үкімет жанын­дағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия­ның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік комиссия мүше­лері Қазақстан Республикасын үдемелі-индустриялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жү­зеге асыру шеңберінде әзірленіп жатқан минералды шикізат ке­шенін дамыту жөніндегі салалық бағдарламаларды, сол сияқты Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту мәселелерін қарады.

Пікір жазу