Ықпалдастыққа сенім білдірілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік Пар­тия­сы Орталық Комитеті Саяси бю­ро­сының мүшесі, ҚКП ОК хатшысы Лю Юньшань бастаған Қытай Халық Республикасы делегациясымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты сауда-эконо­ми­калық және шекара бойы қызмет­тес­тігін, сондай-ақ Қазақстан мен ҚХР арасындағы өңірлік іс-қимыл­дарды одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Тараптар Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзи­нь­тао арасында қол жеткізілген Қа­зақстан-Қытай стратегиялық әріп­тес­тігін одан әрі нығайту жөніндегі уағдаластықтың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.

Пікір жазу