Конституциялық соттың құрылуы еліміздегі құқықтық мемлекет қағидатын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде төл тарихымызға жазылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастаған бұл орган еліміздің демократиялық дамуы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етуде айрықша рөлге ие болып келеді, мұның мақсат-мұраты да осы еді. ...
Астанада «Конституция және мемлекеттілік: Құқық пен болашақ диалогі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға Ресей, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Тайвань елдерінің өкілдері де қатысты. ...
Бүгін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік әрі зайырлы мемлекетіміздің заңдық негізі – Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 90-жылдардың аласапыранында күшіне еніп, қоғамдық бірлік пен тұтастыққа қызмет еткен бас құжатқа әр кезеңде уақыт талабына сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені белгілі. Соның ең соңғысы әрі маңыздысы – 2022 жылы жалпыұлттық референдум арқылы өткен конституциялық реформа. ...
Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Мерейтой қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев өткенге көз жүгіртіп, Ата заңның жүріп өткен жолын сараптап, тарихи белестерге жеке тоқталды. Сонымен қатар халқымыз үшін аса маңызды іргелі шешімдер қалай қабылданғаны жөнінде жаңаша қырынан тарқатып айтып берді. Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінің ерекшелігі – тың ойлар мен тың деректер көп айтылды. ...
Биыл егемен еліміздің Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бүгін осы мерейлі датаға орай өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси-құқықтық дамуын қорытындылап, алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді. ...
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. ...



Сарапшылар