Білім
Баланың бәрі бірдей
Түркістан облысының шалғай ауылдарында білім алып жатқан оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, заманауи мәселелерге үн қоса ізденімпаздығын танытып келеді. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қалалық құрдастарымен қатар бәсекеге түсуі – білім сапасы мен ақпаратқа қолжетімділіктің артып келе жатқанын білдіреді. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының білім алу жағдайы жақсарған. ...
...