Мәдениет
Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында рухани түйінді тақырыптар да көтерілді. Мемлекет басшысы қай кезде де қоғамды кітап оқуға үндеп келеді. Астана мен Алматыда президенттік кітапханалардың құрылысы басталатынын айтты. Ұлттық құрылтайдағы тағы бір жаңалық – Үкімет елдегі кітапханалардың кітап қорын толықтыру мақсатында арнайы комиссия құруы мүмкін. Құрылтай аясында өткен жиында Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кітапханаларда оқырман сұранысын өтейтін кітаптар аз екеніне тоқталды. Осы орайда кітапхана қорын көбейту туралы сол саланың мамандарына сұрақ жолдаған едік. Кезекті қонақтарымыз – Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайберген, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры Баян Уатаева, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының директоры Бану Дәулетбаева, Арқалық қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Дәмет Құсайын. ...
...