Айтмұхамед МУСИН (1899-1938)

А.Мусин Семей уезіне қа­расты Ботпай елді мекенінің Қайындық болысында өмірге келген. Ауылда сауатын ашып хат таныған соң, Се­мейге оқуға барады. 1920-1921 жылдары үш айлық педа­гогикалық курсты және сегіз айлық жалпы білім беретін курсты тәмамдайды.

1921-1925 жылдары Семей қаласындағы балалар коммунасына қазақ тілінен сабақ береді, қазақ бас­тауыш мектебінің меңге­рушісі бо­лып істейді. Ара-тұра ауылға барып, әке-шешесінің шаруа­шылығына көмектесіп тұ­руды да естен шығармайды. Қоғамдық жұмыстарға ат­салысуы осы кездерден баста­лады. Боль­шевиктер қата­рына өтеді. Іскер де білгір басшы ретінде 1925 жылғы қыркүйек айында Өскемен БК(б)П уез­дік комитетінің ұйымдас­тыру бөлімінің мең­геру­шілігіне жоғарылаты­лады. Бұл қызметте екі жыл­дай істеп, 1927 жылы Мәскеуге оқуға аттанады. 1930-1933 жылдары Алматы облы­сындағы Жаркент және Сыр өңіріндегі Қызылорда ау­дандық партия коми­тет­терінің хатшысы болып істейді.

1932 жылғы 14 тамызда “Ауыл коммунисі” (қазіргі “Ақи­қат”) журналының жауапты редакторы болып бекітіледі. Ал 1932 жылдың сәуірінен 1934 жылдың науры­зына дейін “Социалистік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы болады.

1934 жылы қайтадан пар­тиялық жұмысқа ауыс­ты­ры­лады. Алғаш БК(б)П Қара­ғанды облыстық коми­теті­нің екінші хатшысы болып істейді де, кейін об­лыстық ат­қару комитетінің төраға­лы­ғына сайланады. Бұл қыз­метте екі жылдай болады. 1936 жылы Ақтөбеге жі­бе­ріледі. Сөйтіп БК(б)П облыс­тық комитетінің бірінші хатшысы болып істейді.

1937 жылы тұтқынға алы­нып, 1938 жылғы 15 ақ­пан­да КСРО Жоғары Соты­ның Әскери алқасы ату жа­за­сына кесті. Үкім орын­далды. 1960 жылғы наурызда Айт­мұхамед Мусин ақ­талды.

© 2010 Егемен Қазақстан газеті · RSS тізбектері:МақалаларПікірлер · Сайтта жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.