Балтабек АСАНОВ (1907-1979)

Б.Асанов Павлодар облы­сының Баянауыл өңірінде өмірге келген. Еңбек жолын 1920 жылы Екібастұз көмір қазбаларындағы №1 шахта­ның кен жұмысшысы болудан бастады. 1933 жылы ол жур­налистік жұмысқа ауысып, Павлодардағы аудандық “Кол­хоз” газетінің редак­торы, одан кейін Магни­тогорскіде “Магнитор жұ­мысшысы” газетінің редак­торы болды.

1939 жылы ВКП (б) Ор­та­лық Комитетінің жанын­дағы курсты бітіргеннен кейін Б.Асанов “Социалистік Қазақстан” газеті редакто­рының орынбасары болып жұмыс істеді. 1940-1942 жылдары Алматы қалалық пар­тия комитетінің хат­шысы, одан кейін “Со­циалистік Қазақ­стан” газе­тінің редакторы болды.

Б.Асанов 1949 жылы Семей қалалық партия ко­митетінің бірінші секретары болып сайланды. 1952 жылы ВКП(б) Орталық Коми­тетінің жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген соң төрт жыл бойы Семей облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болып істеді, одан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық “Ленин туы” газетінің редакторы, “Социалистік Қазақстан” газетінің Қарағанды облы­сындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарды.

Б.Асанов Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі орден­дерімен және бірнеше медальмен наград­талған.

© 2010 Егемен Қазақстан газеті · RSS тізбектері:МақалаларПікірлер · Сайтта жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.