Жанайдар СӘДУАҚАСОВ (1898-1938)

Ж.Сәдуақасов Қара­ғанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданында туған. Ауылда сауатын ашып, хат таныған. Сонан кейін өз бетімен тал­пынып түрлі оқу орын­дарында оқыған. 1919 жылы қазақ жас­тары демокра­тиялық кеңесінің Омбыдағы ұйымын құруға белсене атсалысады. 1920 жылы большевиктік партия­сына кіреді.

1919-1922 жылдары Ақмола уезі мен гу­бер­ниясында жауапты қыз­меттер атқа­ра­ды. 1922-1928 жылдары Қыр­ғыз ОАК-нің жауапты хат­шысы, Адай уездік рево­лю­циялық коми­тетінің төр­ағасы, ҚАССР қаржы халық комисса­риа­тының орын­ба­сары, Сыр­дария губерниялық атқару комитетінің төр­ағасы болады.

1928-1929 жылдары Әді­лет халық комиссары, респуб­лика прокуроры болып іс­тейді. Ал 1929-1936 жылдары БК(б)П Қазақ өлкелік ко­митетінің бөлім меңгеру­шісі, хатшысы қызметтерін атқарады.

Қазақ өлкелік комитеті секретариатының 1930 жылғы 14 желтоқсандағы шешімі бойынша Жанайдар Сәдуақасов “Қазақстан боль­шевигі” (“Ақиқат”) журна­лының редакторы болып бекі­тіледі. 1936 жылдың сәуірінен қыр­күйегіне дейін “Социалистік Қазақстан” газетінің жауап­­ты редак­торы болады.

1936-1937 жылдары ҚССР Халық комиссарлары ке­ңесі төрағасының орын­басары, Алматы облыстық партия комитетінің хат­шысы болып істеді.

Ж.Сәдуақасов 1938 жылы репрессияға ұшырады. 1957 жылы ақталды.

© 2010 Егемен Қазақстан газеті · RSS тізбектері:МақалаларПікірлер · Сайтта жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.