Кеңесбай ҮСЕБАЕВ (1914-1995)

К.Үсебаев Қызылорда об­лысының Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында дүниеге келеді. Жетім бала­ларға арналған интернатта тәрбиеленеді. 1934 жылы Қызылорда қаласындағы же­ті­жылдық мектепті біті­реді. Одан кейін мектепте мұғалім болады. Қармақшы аудандық “Қызыл ту” газе­тінде қызмет істейді.

1935-1938 жылдары Алма­тыдағы Коммунистік қазақ журналистикасы институтында оқиды. Оқу­ды бітіргеннен кейін Қара­ғанды облыстық “Советтік Қара­ғанды” газетіне жібе­ріледі. Мұнда ол 1938 жылдан 1946 жылға дейін әдеби қыз­меткер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редак­тордың орынбасары қызмет­терін атқарады.

1946-1949 жылдары ҚКП Орталық Комитеті жанын­дағы Жоғары партия мекте­бін бітіреді. 1949-1953 жылдар аралығында Ақмола облыс­тық газетінің редак­­торы болады. 1953-1955 жылдары Қазақ КСР Минис­трлер Ке­ңесі жанындағы Радио­хабарлар жөніндегі комитет төрағасы, ал 1955 жылдан 1959 жылға дейін “Социа­­листік Қазақстан” газеті редакторының орын­басары қызметін атқарады.

1959-1960 жылдары К.Үсе­баев республика Минис­трлер Кеңесі жанындағы информа­циялық агенттіктің (Қаз­ТАГ) директоры болды. Ал 1960 жылы рес­пуб­ликалық “Социа­листік Қа­зақ­стан” газетінің ре­дакторы болып тағайын­далды. Бұл қыз­метті ол 1969 жылға дейін атқарды. 1969 жылдан 1975 жылға дейін Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесі жанын­дағы телевизия және радио­хабар­лары жө­ніндегі коми­тет төрағасы болды.

Ол бірнеше рет Қазақ­стан Компартиясы Орталық Комитетіне мүше, Жоғарғы Кеңеске депутат болып сай­ланды. Қазақстан Журналис­тер одағы басқармасының төрағасы болды.

Елімізге сіңірген еңбегі үшін К.Үсебаев Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі орденімен марапатталды, “Қазақ­станға еңбегі сіңген мәде­ниет қызметкері” атағы берілді.