К.Дүйсеев Ақтөбе қаласында өмірге келген. Онжылдықты сол жерде бітіріп, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға келіп түскен. 1959 жылы аталмыш жоғары оқу орнын тәмамдап, Алматы облыстық “Коммунизм таңы” (қазіргі “Жетісу”) газетіне әдеби қызметкер болып орналасады.
1962 жылы комсомолдық жұмысқа жіберіледі. Алғашында ЛКСМ Орталық Комитетінің нұсқаушысы, сонан соң бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі болды. Ал 1969-1979 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті хатшысының көмекшісі қызметін атқарды. Ал 1979-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары болып істеді.
1987 жылдың қаңтарынан 1989 жылдың қарашасына дейін “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Ол бұдан кейін де түрлі жауапты жұмыстарда болып, зейнет демалысына шықты.