Ораз ЖАНДОСОВ (1889-1938)

Ораз Қиқымұлы – Ал­маты облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының перзен­ті. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын тәмам­даған. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жеті­судағы ұлт істері жөніндегі облыс­тық бөлімді басқарды. 1919-1921 жылдары Түркіс­тан КП мұсылман комму­нистері сек­циясы облыстық бюросының төрағасы болды. Жетісу облыстық рево­люциялық әс­кери комитетін және облыс­тық “Қосшы” одағын басқарды.

1921-1923 жылдары Түр­кістан КП ОК-інің үгіт-на­сихат бөлімінің меңгерушісі және БК(б)П Қазақ өлкелік коми­теті­нің екінші хат­­шысы болды. 1923-1924 жылдары Мәскеудегі К.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында оқыды. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитеті үгіт-насихат бөлімінің мең­герушісі қызметін атқарды. “Еңбекші қазақ” газетіне басшылық жасаған кездері, міне, осы қызметте жүрген кезбен тұспа-тұс келеді.

1928-1937 жылдары Қа­зақ АКСР ағарту хал­комы, Қазақ ауыл шаруа­шылығы институтының директор­лығымен қатар республика­лық кітапхананың дирек­торы болды, Алматы облы­сындағы Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төр­ағасы қызметтерін ат­қарды. Ұлтаралық қаты­насты реттеуге көп еңбек сіңірді. БК(б)П-ның ХІІ және ХІV, КСРО Кеңестері­нің екінші, жетінші, сегізінші съездерінің делегаты болды. 1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұт­қын­далды. 1938 жылы нау­рыз­да ату жазасына кесілді.