Ораз ИСАЕВ (1899-1938)

Ораз Жанұзақұлы бұ­рынғы Орал облысының Іл­бішін уезіне қарасты Қарасу болысында дүниеге келген. Сол жердегі орыс-қазақ мек­тебінде оқып, хат таныған. Еңбек жолын 1916 жылы ауыл әкімшілігінде хатшы болып бас­тайды. 1917 жылы Шал­қар бо­лысында земство бас­қармасының хатшысы және уездік милиция хат­шысы болып істейді.

1919-1920 жылдары Ілбі­шін және Жымпиты уез­дерінде құқық қорғау орган­дарында еңбек етеді; ТХО (ЧОН) жауынгері, губ ТК (ЧК), ОГПУ уәкілі, губер­ниялық қылмысты істерді іздестіру органы бастығының орын­басары болады. 1921 жылы большевиктер пар­тиясы қата­рына өтеді. Орал губер­ниясында комсомол, кәсіподақ ұйым­дарын құруға атса­лысқан.

1924-1925 жылдары РК(б)П Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясының орын­­басары, Қазақ ОАК-нің хатшысы, 1925-1929 жыл­дары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің екінші хат­шысы, 1929 жылғы сәуір­ден 1938 жылдың мамырына дейін Қазақстан Халком кеңе­сінің төрағасы, КСРО БОАК және ОАК төрал­қасының мүшесі, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңе­­сінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төр­ал­қасының мүшесі болды.

Осы аралықтарда, яғни 1926 жылғы жаз айларында “Еңбекші қазақ” газетіне де басшылық жасады. Бұл жө­нінде белгілі ғалым Темірбек Қожакеев “Егемен Қазақ­станның” 1994 жылғы 17 жел­тоқсанда шыққан “Га­зеттің алғашқы керуен­басылары” деген мақаласында былай деп жазады: “1926 жылғы шілденің 13-і мен тамыздың 30-ы аралығында газет редакторы О.Исаев болды. Бұл тұста ол Қаз­крайкомның ұйымдастыру бөлімін басқаратын. Кейін он жылдай Халық Комиссарлар Кеңесіне төрағалық еткен іскер де беделді қызметкер болған”.

Ораз Исаев 1938 жылы жалған жаламен тұтқын­далып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

© 2010 Егемен Қазақстан газеті · RSS тізбектері:МақалаларПікірлер · Сайтта жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.