Сауытбек АБДРАХМАНОВ (1951)

С.Абдрахманов Оңтүс­тік Қазақстан облысының Қазы­ғұрт ауданында өмірге келген. Бұрынғы Келес ауда­нындағы С.Сей­фул­лин атын­дағы орта мек­тепті бітіріп шыққан соң 1970-1975 жыл­дарда Қазақ мемлекеттік универ­сите­тінің журналис­тика факуль­тетінде оқыды.

Университетті бітірген жылы “Социалистік Қазақ­стан” газетіне жұмысқа шақы­рылды. Осы жерде жұ­мыс істеген 12 жыл ішінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакция­лық алқаның мүшесі қызмет­терін атқарды. Одан кейінгі кезеңде Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комите­тінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, Қазақ­стан Рес­публикасы Прези­дентінің, Министрлер Ка­бинетінің аппараттарында аға референт, бөлім меңгеруші­сінің орын­басары, бірінші орынбасары болды. 1995-1997 жылдары рес­публика Мәде­ниет минис­трінің бірінші орынбасары, ал 1997-2000 жылдары “Қа­зақстан теле­дидары мен радиосы” республикалық корпорация­сының бірінші вице-президен­ті қызметтерін атқарды.

2000 жылдың желтоқса­нында республика Үкіметі “Егемен Қазақстан” респуб­ли­калық газеті” ашық акционерлік қоғамын құру жөнінде шешім қабылдады, қоғамның президенті болып С.Абдрах­манов тағайын­далды. 2003-2004 жылдарда Қазақстан Республи­касының Ақпарат министрі қызметін атқарды. 2004 жылғы 14 шілдеден бастап — “Егемен Қазақ­стан” республи­­калық газеті” ашық акционерлік қоғамының президенті.

С.Абдрахманов – Пре­зидент сыйлығының лау­реаты. Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген қызметкері. Филология ғылымдарының докторы. Әде­биеттану және тарихнама жөніндегі бірнеше кітаптың авторы.