Әмір ҚАНАПИН (1913-1998)

Ә.Қанапин Қостанай об­лысының шеткері аймағын­дағы кедей шаруаның от­басында өмірге келген. Бас­тауыш білімді Қостанай мектеп-интернатында ала­ды. 1930 жылы қаладағы мұға­лім­дер курсын бітіреді де, Қазақ оқу-ағарту инс­титу­тына түседі. Бұл жер­де екі жыл оқып, мате­матика жә­не әлеуметтік-экономи­ка­лық пәндері бойын­ша мұ­ғалімдік диплом алып шыға­ды. Содан кейін Таулы Алтай облысындағы “Ойрот” колхоз институ­тында қызмет істейді.

30-шы жыл­дар­дың орта­сы­на та­ман Мәскеуге келіп, М.Ломоносов атындағы уни­верситеттің мате­матика-механика факультетіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай бітір­ген соң КСРО Халық Комис­сарлары Кеңесі жанындағы Қазақ республикасының Тұ­рақты өкілдігіне қызметке орналасады. Республика оқу-ағарту халық комиссариа­тында басқарма бастығы, оқу-ағарту комиссарының орынбасары болып істейді.

1941 жылдың қаңта­рында Ә.Қанапин “Социа­листік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы болып бекітіледі. Бұл жерде ол бір жылдай істеп, 1942 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшылығына ауысады.

Ұлы Отан соғысынан кейін комсомолдық жұмысқа жіберіліп, бес-алты жылдай Қазақстан ЛКСМ Орта­лық Комитетін бас­қарып, құр­мет пен беделге ие болады. Ленин орденімен наград­талады.

1951-1954 жылдары Алматы облыстық партия ко­митетінің бірінші хат­шысы, 1955 жылы Семей об­лыстық партия комитетінің хатшысы болып істейді де, содан соң республика Мәде­ниет министрі болып та­ғайындалады.

Ә.Қанапин өмірінің соңғы ширек ғасырын оқытушылық қызметке арнады. Алматы шет ел тілдері институ­тында кафедра меңгерушісі болып істеді. Үлкен лауа­зымды қызметтерден кейін ұстаздыққа ауысқан Әбекең докторлық диссертация қор­ғап, жас мамандар даяр­лауға, ғылыми кадрларды жетіл­діруге лайықты үлес қосты.

© 2010 Егемен Қазақстан газеті · RSS тізбектері:МақалаларПікірлер · Сайтта жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.