Epжұмaн CMAЙЫЛ (1948)

E.Cмaйыл Алматы облы­сының Талғар ауданына қарасты Туғанбай ауылында өмірге келген. Әкесі Cмaйыл емшілікті кәсіп еткен, анасы Күләш қатардағы шаруа адамы болған. 1965 жылы ол Талғардағы С.Сей­фуллин атындағы №2 орта мектепті бітірген соң, өзінің туған ауылында клуб меңгерушісі, шопан болып еңбек етеді. 1967-1970 жылдары Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Солтүстік флотындағы сүңгуір қайықта әскери борышын өтейді. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік уни­верситетінің журна­листика факуль­тетіне оқуға келіп түсіп, оны қызыл дипломмен бітіріп шыққан соң осы оқу орнының ассистенті болып жұмыс істейді.

Е.Cмaйыл 1977 жылы “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газе­тіне қызметке шақырылады. Осы жерде екі жылдай еңбек етіп, республикалық жастар газеті “Лениншіл жасқа” (қазіргі “Жас Алаш”) редактордың орынбасары болып ауысады. Бұл қызмет­те ол сегіз жыл істеп, мол тәжірибе жинақтайды.

1987 жылы қайтадан “Социалистік Қазақстанға” шақырылады. Алғаш бөлім меңгерушісі болады, сонан кейін редактордың орын­басарлығына жоғарыла­тылады. 1990-1998 жылдары осы газет бас редакторының бірінші орынбасары, ал 1998-2003 жылдары бас редак­торы болып істеді. 2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың шілдесіне дейін “Егемен Қазақстан” респуб­ликалық газеті” ашық акционерлік қоғамының пре­зиденті қызметін атқарды.

Е.Cмaйыл – Президент сыйлығының, Баубек Бұл­қышев атындағы сыйлық­тың лауреаты.

© 2010 Егемен Қазақстан газеті · RSS тізбектері:МақалаларПікірлер · Сайтта жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.