​Мемлекеттік тілді білмейтін баспасөз хатшысы неге керек?

Ұлы Тұран өлкесінің бүтін жері 5,5 млн шаршы километр десек, соның 3 миллионына ие болып отырған Қазақ елі қазір кемел шағында. Былтыр ғана ширек ғасырлық мерекені атап өттік. Бұл мерейімізді өсірді, абыройымызды арт­тырды. Тәуелсіздік берген, аңсап жет­кен азаттықтың бақ пен бақытын түсіндік.
Егемен Қазақстан
30.03.2017 1131
2

Осы мәреге жеткен тұста да лауазымдысы, белдісі, бекемдісі, басқасы бар кейбір мекемелерде мемлекеттік тілдің тағдыры аудармашылардың құзырында қалғанын жұрт білсе керек. Қазақ тілді басылымнан едік деп, мәлімет сұрасаң ондағылар аудармашыға сілтейді. Кейде өзге тілде мақала жіберіп, «Бір ретін келтірсеңдер жөн болар еді, аудармашымыз болмай тұр, не сырқаттанып қалды», деген уәждерін алға тартады. Басқалардың ондай тілектеріне түсіністікпен қарауға болады. Өз қандасың шүлдірлеп тұрса, ша­расыз күй кешесің. 

Кеңес дәуірінде, 1989 жылдың 21 қыр­күйекте «Тіл туралы» тұңғыш заң қ­а­былданып,онда қазақ тілі мемлекеттік мәр­тебе алды. Ол жұртымыздың елдік жо­лындағы күресінің бір жеңісі деп біл­дік. Одан бері де 30 жылға таяу уа­қыт өткені, тіл ме­ре­кесі тойланып келе жатқаны белгілі. Тәңір жарылқап, тәуелсіздіктің таңы атқанда ті­ліміздің мәртебесі Ата Заңнан ойып тұ­­рып орын алды. Сөйтіп, «Алаш арыс­та­ры бізге мемлекеттік идеясын ту етіп кө­теруді табыстап кетті», деп Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тәу­ел­сіздіктің басты идеясының бірі – тіл тә­у­ел­сіздігіне қол жеткізіп едік. 1997 жылы Пре­зиденттің бекітуімен «Тіл туралы» еге­мен ел заңы қабылданды. 1998 жылы Үкі­мет мемлекеттік тілге басымдық бе­ру жай­ын жан-жақты қарастыра ке­ліп, ар­на­йы қаулы қабылдап онда: «мем­ле­кеттік органдарда іс қағаздарын кезең-кезеңмен қазақ тіліне көшуіне байланыс­ты іс-шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырсын» деп тапсырды. Сонымен бірге, әрқайсысы он жыл ішінде атқарылатын жұмысты ай­қындаған екі мемлекеттік бағдарлама жасақталды.

Осы арада ұлт асылы Сәкен Сейфул­лин ойға оралып отыр. Қазақ АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы кезінде «Қазақты қазақ дейік, тарихи қатені түзейік», деп қорланған ұлты­ның атын қайтарып, іс-қағаздарын қазақ ті­лінде  жүргізу жөнінде декрет қа­был­дат­ты. Осының басында жүріп ба­тыл­дық танытқан алаш арысы «Біздің қазақ ком­мунистерінің кейбіреуі қазақ тілі тура­лы қатты кірісуге: «Біреу ұлтшыл деп ай­тады...» деп бой тартады. Бірақ бұл – қу­лық, бұл коммунистік қылық емес, ол – жарамсақтық, жағымпаздық... «Жақсы коммунист екен» деп айтсын дегендерді» қатты сынға алады. Тағы бір алаш арысы М.Дулатовтың: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды» деп, артынан сол мемлекеттік тілдің мәртебесін орындамай жүргендерге реніш танытатыны осы тұс еді.

Әрине, аудармашы керек. Бірақ, заң талабына сай мемлекеттік тіл өз дәрежесінде атқарылуы тиіс емес пе? Оны аудармашыға жүктеп қоюдан арылатын кез баяғыда келген. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Дала ұлағаттары» атты кітабында, «Тіл дамуы үшін тілдік орта қажет. Бұл – ең бірінші шарт. Со­сын тілге деген қажеттілік керек. үші­н­ші шарт, ана тіліңді ардақтайтын ұлт­тық намыс керек» деп  тайға таңба бас­қандай айтқаны мәлім. Осыны мүл­тіксіз орындауға келгенде енжарлық та­нытып жүрміз. Егер әлгі мәртебелі мекемелер Президент айтқан қажеттілікті қалыптастырып, намыстарын оятса, тіл жайлы әңгіме тыйылып, өркениетті елдердегідей өріс ала берері сөзсіз.

Осы күні үлкенді-кішілі мекемеге телефон соғып шаруаңды айтсаң, ау­дар­машыға, болмаса баспасөз хатшы­сы­на хабарласу керектігін жеткізеді. Ақиқатына келсе, баспасөз хатшысының міндеті үлкен. Оны өзіміз үлгі ететін мемлекеттерден көріп отырмыз. Әйтсе де, сол баспасөз хатшылары барлық жер­де талапқа сай жұмыс істеп отыр ма деген бір сұрақ көкейден кетпейді. Олар көбінде бастығының «жазбаларын» әзірлеумен айналысады. Оны төрт ая­ғынан тең тұрғызса сөз басқа. Сол бас­па­сөз хатшыларының кейбірінің маман­дық­тары жұмысына да сәйкес келе бер­мейтіні және бар. Еліміз егемендік ал­ған жылдардағы баспасөз хатшылары шетінен мықты еді. Екі тілге жетік бо­латын. Қазір олай деп айта алмасақ ке­рек. Біразының мемлекеттік тілден хаба­ры шамалы...

Кейбір компания мен банктердегі мем­лекеттік тілдің жағдайы шала-жансар десек қателесе қоймаспыз. Ендеше, есеп-қисабы әдемі, қаржы жағынан ба­қуат­ты іргелі мекемелердегі аудармашы мен баспасөз хатшысының мәртебесін көтеріп, ұлт тілінің ұйтқысы дәрежесіне жет­­к­ізсек ұтылмас едік. Бұл азат ел тілінің өре­сі биіктей беретініне септігін тигізері сөз­­сіз. Ол үшін көптің қатарындағы ға­на емес, күн сайын жұрт алдында жү­р­е­тін, ой-өлшемі биік, рухы мықты, өз жұ­мы­с­ы­ның ғана иесі емес, киелі ана тілінің де тілекшісі болатын намысты, көзі алысты шалатын жастарды алда айтқан екі мамандыққа табан тіретсек, кеткен есе қайтып, ана тілінің еңсесі биіктей беретініне иманымыз кәміл.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан»




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу