Қазақстан • 19 Қазан, 2017

«Астана 1» ақпараттық жүйесі іске қосылды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин хабарлады.

«Астана 1» ақпараттық жүйесі іске қосылды

Спикердің айтуынша, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап кедендік транзит шеңберінде Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі «АСТАНА-1» ақпараттық жүейсі іске қосылды.

«Бұл жүйе алдын ала ақпаратты берген сәттен бастап тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауға дейін барлық кедендік процестерге автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжат айналымын тездетуге қолайлы жағдай туғызады. Бұл жүйе 2 жылдың ішінде дайындалды. Ақпараттық жүйе арқылы біз жұмыс жылдамдығын арттырамыз және айқындау деңгейін өсіре аламыз», - деді Ғосман Әмрин.

Айта кететін тағы бір жайт, «АСТАНА-1» АЖ-ның толық көлемде іске асырылуы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ және Қазақстан Республикасы Кодексінің күшіне енуімен қатар орындалады.