Қазақстан • 20 Қазан, 2017

Елімізде жүк тасымалына отандық вагондар тартылады

417 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Инвестициялар және даму министрлігінің медиа орталығында жүктер мен жолаушылар тасымалын вагондармен қамтамасыз етуде атқарылған шаралар тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов астық тасымалына қосымша 1 мың вагонды Ресейден тарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

Елімізде жүк тасымалына отандық вагондар тартылады

«Министрлік темір жол көлігімен көмір және астық, сондай-ақ өзге де әлеуметтік маңызы бар жүктер тасымалына айрықша назар аударуда. Бүгінде ашық вагондар паркі 50 мыңға жуықтады. Биылғы мамырдан бастап жылу беру маусымына дайындық аясында 31 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл өз кезегінде жоспарлы көлемнің 98 пайы­зы», дейді комитет өкілі. Оның сөзіне қарағанда, ас­тық тасымалдау шаралары қызу жүріп жатқан кезеңде жылжымалы құрамның же­тіспеуі байқалуы мүмкін.

Бүгінде астықты тасы­малдауға шамамен 10 мың вагон жұмылдырылған. Олар айына 1 млн тонна астық тасымалдауды қам­тамасыз етеді. Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе астық тасымалдайтын вагондардың санын арттыру мә­селесі пысықталуда. Осы орайда жыл соңына дейін астық тасымалы көлемін арт­тыру көзделген. «Бұл тұр­ғыда қосымша 1 мың вагонды Ресейден жеткізбек ойдамыз. 2017 жылдың 9 айында шамамен 5,5 млн тонна астық тасымалдан­ды, оның ішінде 3,6 млн тонна экспортқа шыға­рылды. Қазан айына қарас­тырылған астық тиеу көле­мі 850 мың тоннаны құрап, соның 600 мың тоннасы экспортқа тиесілі. Қараша-желтоқсанда тасымалданатын астық 1 млн тоннаға дейін жетеді, оның ішінде 650 мың тоннасы экспортқа бағытталады», деді Д.Потлов.

Комитет төрағасының орынбасары жүк тасымалына отандық жаңа вагондар тартылып жатқанын әңгімеледі. Былтырғы қазан айынан вагондарды сатып алу ставкасын ішінара субсидиялау есебінен көмір мен кен тасымалдау үшін 1300 ашық вагон және тран­зиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 103 вагон шығару жөнінде шарттар бекітілген екен. Бұл мақсатқа шамамен 70 млрд теңге инвестиция тартылған. «Сатып алынатын вагондар отандық кә­сіп­орындарда шыға­ры­лады. Жалпы, бұл ба­ғыттағы шаралар темір жол машина жасау саласындағы 7 мың жұмыс орны бар 39 отандық ком­панияны жұмыл­дыруға жол ашты», деді ведомство өкілі.

Басқосуда белгілі бол­ғандай, биыл «Тұлпар-Таль­го» вагондарының 62 бір­лігін сатып алу және ке­лесі жылы Астана – Лениногор 375/376 пойызы құрамын жаңарту жоспарлануда. Жалпы алғанда «Жо­лау­шылар тасымалы» АҚ жыл сайын «Тұлпар-Таль­го» вагондарының шамамен 50 бірлігін сатып алмақ. Жеке тасымалдаушылар ми­нис­трлік алдындағы шарт­тық мін­деттемелері аясында би­ыл 16 млрд теңге инвестиция тартса, жолаушылар та­сымалдауға арналған 52 вагон сатып алған. Ол вагондар 43/44 Қос­танай – Алматы, 327/328 Қос­танай – Қарағанды, 621/622 Қос­танай – Арқалық және 307/308 Жезқазған – Астана пойыз­дарының ескі вагондарын алмастырады.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»