Соғыс ардагерлері, көп балалы аналар, зейнеткерлер мен мүгедектерге жеңілдікпен берілетін көмірді қажет ететіндердің тізімі жасалып, көмір тасымалданып, жеткізліп жатыр. Осы уақытқа дейін 35 мың тоннаның 20 мың тоннасы жеткізлген. Көмірдің бөлінуіне Ауған соғысына қатысушылардың ұйымы бақылау жүргізіп отыр.
Көмірді аса көп қажет ететін Өскемен мен Семей қаласының тұрғындары қыс бойы 235-250 мың тонна көмір жағады. Облыс орталығында халыққа көмір сатып отырған «ВЭУС» ЖШС нің Защита мен Сол жағалау ауданының Самар тас жолы бойындағы қоймаларында көмір сатып алушыларға тоқтаусыз сатылып жатыр. «ВЭУС»тың Аягөз, Зырян, Шемонайха, Глубокое аудандары мен қала маңындағы Предгорное ауылындағы көмір қоймаларынан да көмір күні бойы сатылып келеді. Қыркүйек айынан бері ол қоймалардан 140 мың тонна көмір сатылған.
Алты ай қыста от жағып, үй жылыту үшін ШҚО халқына 1млн 135 мың тонна көмір қажет. Қазір бұл қажеттіліктің 720 мың тоннасы жеткізіліп, ел қысқы отынның 65-70 пайызымен қамтылып отыр. Аймақта кеніштерден өндіріліп жатқан көмірді жұртқа жеткізіп берумен 34 дайындау-бөлу пункті айналысып жатыр.