Президент • 31 Қазан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.

Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.