Қазақстан • 14 Қараша, 2017

Елімізде бензин өндіру он айда 7,1%-ға өсті

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-қазанында өндірілген бензин көлемі 2 550,9 мың тоннаны құраған, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. 

Елімізде бензин өндіру он айда 7,1%-ға өсті

Аталған кезеңде мынадай өнімдер өндірілді: керосиннің көлемі 244,8 мың тонна (өндіріс көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға артқан), сұйытылған пропан мен бутан - 1 919,3 мың тонна (+13,5%), газойль - 3 699,6 мың тонна (-4%), мазут - 2 679,5 мың тонна (+7,4%), ферроқорытпа - 1 609,8 мың тонна (+7,5%), илемделген темір өнімдер - 2 416 мың тонна (-4,7%), тазартылған қорғасын - 124,6 мың тонна (+10,5%), мырыш - 273,5 мың тонна (+1%), тазартылған мыс - 347,1 мың тонна (+2,8%).