Ауыл • 08 Қаңтар, 2018

Қызылордада өлкетану ісін дамыту мәселесі қозғалды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту мәселесі Қызылордада өткен тарихшылар слётінде талқыланды. 

Қызылордада өлкетану ісін дамыту мәселесі қозғалды

2017 жылдың 27 желтоқсанында  Қызылорда облысында «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында тұңғыш рет өткен тарихшылар слетінде Сыр өңірі тарихының зерттелуі мен «Өлкетану» пәнін оқытудың өзекті мәселелері баяндалды.

Слет жұмысы аясында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуынан Сыр шертетін фотоальбом туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Фотоальбомның тұсаукесерінде  Алғашқы сөз  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының  докторы  Бағдат Кәрібозұлына берілді. Өлкетану пәнін оқытуда Қызылорда өңірінің қасиетті, көрікті жерлері мен ескерткіштері кескінделген фотоальбомның көмегі көп болатындығы айтылды.

Слет жұмысы мен Фотоальбом тұсаукесеріне облыстағы, қаладағы тарих пәнінің мұғалімдері мен ЖОО ғалымдары, зерттеушілер қатысты.