Аймақтар • 15 Қаңтар, 2018

Солтүстік Қазақстанда 200-ден астам автобус жүргізуші жазаға тартылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде көлік басқарып келе жатып телефонмен сөйлескен 92 автобус жүргізушіге айыппұл салынды.

Солтүстік Қазақстанда 200-ден астам автобус жүргізуші жазаға тартылды

Фото: thehansindia.com

Полицейлер автобус жүргізушілері құқық бұзушылығының алдын алу және оларды анықтау шараларын жандандырды.  Шара барысында олар 1249 жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Әкімшілік хаттаманың 241-і қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты толтырылды.

«Жүргізушілер көбінесе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабын («Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы») бұзды. Оларға қатысты 92 хаттама толтырылды. 41 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару бойынша 28  факт тіркелді, 17 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін жазаланды», дейді  жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Айтбаев.   

Былтыр 674 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар