Ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмайық

Мына дүниені құлпыртатын да, құбылтатын да, жаңартатын да, жасартатын да, барыңды жетілдіретін де, орындасам деген мақсатыңа жеткізетін де – бір ғасыр бұрын ұлт ұс­тазы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен білім жарысы. Сол жарыста, яғни ақыл-ойдың самғауында қана­тыңды талдырмайтын, ауырыңды жеңіл­дететін – білім мен ғылым. Осы ақиқат жолында ел білімін қайт­сек жақсартамыз, ғылымын қалай өрістетеміз деген ұлы ұғымды Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақыл та­был­май, ештеңе табылмайды. Ой же­тілмей тұрып, ар-намыс шың­далмайды. Ар-намыссыз азамат, өзге­лердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін кө­герте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деп азаттық алғаннан бері айтып келеді.

Егемен Қазақстан
12.02.2018 87
2

Иә, елдегі білім саласына қатысты реформалар санынан жаңылайық дедік. Жүйесіз жүргізілуінен бе, есте қалғаны онша көп болмай тұр. Оның зардабын қаладағы жайлы бөлмеде отырып жоба жасағандар емес, тікелей іске асыруға тиіс мекеме қызметкерлері көріп отырғаны да рас. Осындай оралымсыздықтың кесірінен бе, әлде ғылыми негізі жасалмай, жалаңдыққа бой алдырғандықтан ба, отандық білім саласының басынан дау-шар арылмай келеді. Мұның басты себебі, өзгенің үрдісін електен өткізбей, дайындықсыз бастап жіберуде жатқан жоқ па екен? Ондай реформаларды қолға алып, орта жолға тастағандарға сұрау болмайтыны да бар. Оның орнын басқандар өзінің жаңашылдығымен көзге түсуге тырысады. Осы тәсілмен ел болғалы бері 15-ке таяу министр жұмыс істеді. Әрине, жақсы ісін соңына жеткізе алмай кеткендер де болды.

Алда дәйекке келтірген Елбасы байламында ақыл туралы әдемі айтылады. Ақыл-ой биіктігі жеке адамдарға ғана емес, елге керек. Ақыл-ой иелерін, әсіресе талантты ұрпақты бала күнінен баулу кемел жұртқа тән қасиет. Бірақ біз сол кемелдікке жеткізетін дарынды ұл-қызға, білімі терең, ой әлемі мұхиттай оқымыстыға, мықты ұйымдастырушыға кей тұста толық қамқорлық жасай алмай келе жатқан секілдіміз. Бірінші, дарынды ұрпаққа келер болсақ, бүгіп қайтеміз, кейде оларға тиесілі орынды түрлі жолдармен пысықайлар қағып кетіп жатады. Есесіне бағаланбаған әлгіндей дарынды ұл-қызды өзгелер жетектеп кетіп жататынын жоққа шығара алмасақ керек. Мұндай жай кеңес заманында да болған. Оның арқауы әлі үзіле қоймағандай. Біз мұны былтыр көтеріп, Қостанай өңірінде Мәскеудің жетекші университеттері біраздан бері дарынды балалармен жұмыс істеп жүргенін, оқу орнының қызметкерлері келіп жаратылыстану пәндері бойынша ақыл кеңес беретінін, үздік талапкерлерге арнайы грант тағайындайтынын талқыға салғанбыз. Жақында бұл мәселе бас басылымда тағы да қозғалып, Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптесіміз Өмір Есқали «Ақыл-ой көші ары асып бара ма?» (26.01.2018) деп шығыс және солтүстік өңірлердегі, Ақтөбе мен Атырау облыстарындағы ұрпақтарымыздың көрші елдің орта және жоғары оқу орындарына бет бұрғанын дәйектей жазды. Мәселен, шетке, оның ішінде Ресейге бет бұрғандар сегіз есе артқанын, айталық, бір гимназияны бітірген 52 түлектің 31-і Ресейде бағын сынап, оның 21-і тегін оқуға түскенін, өз елімізде сынақ тапсырған 12 үміткердің 2-уі ғана грантқа ие болғанын жеткізді. Тағы бір мысал, М.Жұмабаев ауданындағы мектеп бітірушілердің 70-80 пайызы көрші елге бет бұрып отыр екен. Осы бір түйткілдің себебін қайдан іздеуге болады, ертеңгі салдары қалай болар екен деген ой мазалайды. Бұл ұлтымыздың келешегіне қауіп төндіріп жүрмей ме?

Жасыратыны жоқ, біздің түлектер мектеп бітірген соң әуре-сарсаң басталады. ҰБТ «жыры», кешенді тест, оның қорытындысын шығару, ақшасы барлар ҰБТ-ны бірнеше рет тапсырып, ақылы оқуға түсуіне жол ашу, т.б. Осындай кезде қаншама үміткердің, ата-ананың жүйкесі жұқарады десеңізші.

 Алда жоғары оқу орындарына қа­былдау науқаны келе жатыр. Жалпы, бұл саладағы кейбір жүйесіздіктерден құтқару керек тәрізді. Неге бұлай деп отырмыз? Өйткені бұрын аз да бол­са ҰБТ-ға үміт артып келіп едік. Өт­кен жылы оны да реформаладық. Рес­пуб­ликалық «Дарын» орта­лығы да қал­тарыста қалғандай. Бұл жал­ғаса берсе, шеттен оқу іздейтіндер кө­беймесе азаймайды. Әрине, шетке барып білім алған жөн. Бірақ ертең олар жұ­мылып келіп жұртына қызмет жасай ма?

Шетелдерде қызмет етіп жүрген отан­дық ғалымдарды шақырсақ деп жүргенде өткен жылы елімізден 28 мыңнан аса кәсіби маман сыртқа кетіпті. Олардың қатарында 5 мың техникалық қызметкер, 2,5 мың экономист, 1700 педагог бар көрінеді. Басқа мемлекетке кеткендердің көбі 20-дан енді асқан жастар екен. Өзге жұртқа оқу іздеп барып қалып қойғандардан хабарымыз қаншалықты? Бұл да ойлануды қажет етеді. Жапония мен Қытай мемлекеттері алғыр кәсіби маманды бағалай отырып, шетелге кетуді шектейді екен. Қалай десек те, мектеп түлектерінен бастап, мықты кадрдан, яғни ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмау жағына қам-қарекет жасау, елдің өркенін өсіріп, келешегін кемел ететіні анық.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу