Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Егемен Қазақстан
16.02.2018 151
2

Бұрындары үлкендер жастық шағы туралы әңгіме айта қалса Құдайға шүкір, ел қатарлы адал еңбек еттік, біреу­дің ала жібін аттаған жоқпыз, ар-ұятымызға кір жұқтырған емеспіз, жүрген жерімізде сыйлы болдық, деп өткен шағын мақтанышпен еске алатын. Сөйтіп қатарларыңнан қалмай тиянақты еңбек етсеңдер жаман болмайсыңдар деп сөздерінің соңын жастарға үлгі-өнеге көрсетумен аяқтайтын. Бұл кешегі, біздің пайымдауымызша, кер кеткен кеңестік заманда айтылатын әңгіме-кептің бір парасы еді. Бір қызығы, өзіміз жарыса жамандап тастаған сол заманда өмір сүргендер өздері адал еңбек етіп қана қоймай, кейінгі ұрпаққа да ақыл-кеңестерін айтып, керек кезде жөн-жоба сілтеп отыратын. Ол аз десеңіз, соғыс және еңбек ардагерлері ара-тұра мектеп оқушыларымен арнайы кездесулер өткізіп, бастарынан өткерген қиын-қыстау кезеңдер туралы көсіле баяндап, өскелең буынды өмірде кездесіп тұратын қиындықтарға мойымауға үндеп, тәрбие ісіне де өздерінің үлестерін қоса жүретін. Мұның өзі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде таптырмас тәсіл де болатын. Өзіміз мектепте оқып жүрген жылдарда сондай кездесулердің талайына қатыстық та. 

Ал қазір ше? Жан-жағыңа құлақ түріп тыңдай қалсаң бүгінде көл-көсір іс тындырған көсем де көп, шешіле сөйлейтін шешен де көп. Бірақ солар жел­кілдеп өсіп келе жатқан жас буынға өне­гелі істерімен, сананы сілкінтер сөз­­дерімен үлгі көрсете алып жүр ме? Әл­де әрқайсысы өз бастарының қа­мы­мен әлек болып, болашақ туралы ой­лауға мұршалары болмай жатыр ма? Қалай дегенде де, оқу орындарының олқылығы ма, болмаса басқа бір себеп бар ма, әйтеуір соңғы жылдары қарт кісілер мектептерде немесе басқа да бір қоғамдық орындарда болып, жастармен кездесу өткізіпті, сөйтіп өмірде көрген-түйгендерін айтып, мол тәжірибелерімен бөлісіпті дегенді ести қоймаймыз. Оның есесін бәленше бәлен жасқа толуына байланысты кеш өткізіп, оның иығына шапан жабылды, бәленше кітабының тұсаукесерін жасапты, бәлен ақсақалға бәлен ауданның құрметті азаматы атағы беріліпті деген сияқты әңгімелер әлдеқайда жиі естіледі. Заманның кеңдігінен бе, әлде, мүм­кіндігін, тамыр-таныстарын пайдаланып әркімнің ойына не келсе соны істеуіне кеңінен жол берілуінен бе, әйтеуір бүгінгінің адамдары өз бастарымен өздері әлек. Біреулер байлық қуса, біреулер атақ-мансап қуып жүр. Баласына беделді қызмет тауып беру үшін беттің арын бес түйіп жүргендер өз алдына бір төбе. Жасы жетпістен асып, сексенге таянғанда тойларға барып, немерелерімен қатар бала-шағамен қосылып шейк, твист сияқты ойқы-шойқы билерді билеп, секіріп-қарғып жүрген шалдарымыз қаншама?..

Баяғыда қазақ қоғамында ел ішінде жоқ жерден жанжал шығарған тен­текті де, сүйекке таңба салатындай ұят­ты істерге барған көргенсіздерді де ақсақалдар жөнге салып, тыйып отыр­ған. Өйткені ол уақыттарда үл­кен­дер­дің халық алдында зор беделі бол­ға­н, сон­дықтан көпшілік те олардың айт­қандарын екі етпей орындаған.

Бүгінде жастар үлкендерді тыңдаудан қалып барады. Бұл не сонда, үлкендерден беделдің кеткенін білдіре ме, әлде қазіргі заманғы жастардың тыңдаусыз болып бара жатқанының айғағы ма? Егер жастарымыз тыңдаусыз болса, бәлкім ол үшін де дер кезінде оларға үлгі-өнеге көр­сете алмаған үлкендер кінәлі шығар? Өйт­кені «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соң­­ғы арба соның ізімен жүреді» деген сөз де бар емес пе? Алда-жалда «ал­дың­ғы арбамыз» теріс жолға түсіп кеткен болса қайтпекпіз? 

Бүгінде еңбекке деген көзқарастың түбегейлі өзгергенін ешкім де жоққа шығара қоймас деп ойлаймын. Өзіме де, өзгеге де аздап болса да пайдамды тигізейін деп шын ықыласпен жұмыс істеп жүрген адамды кездестіру қазіргідей шақта өте қиын. Егер қандай да бір әрекет етіп жүргендер бар болса, олардың да ойлағандары адал еңбек емес, әйтеуір бір пайда табу, заманауи тілмен айтқанда – бизнес. Ұнасын-ұнамасын, қазіргі «арбаның» беталысы осындай. Сондықтан да ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адам жоқ, мал бағатын адам жоқ, техника тілін білетін маман жоқ деген сияқты дабылға бергісіз дауыстар әр жер-әр жерден барған сайын қаттырақ естілуде. Жағдай осылай жалғаса беретін болса ертеңгі күніміздің не боларын бір Алла ғана біледі.

«Жақсы адам қартайса көкірегі толы хат болар, жаман адам қартайса бықсып жанған от болар» деген ұлғатты сөз бар. Заманның ағымына, орын алып жатқан ахуалдарға қарай отырып, ертедегі ата-бабаларымыз сияқты өткен өмір туралы әңгіме қозғауға тура келіп жатса, біздер не айтар ала екенбіз деген екіұдай ой да қылаң бермей қалмайды. Адал еңбек ет­тік, атымызға кір жұқтырған жоқпыз, қо­лы­мыз таза деп айта алар ма екенбіз, сірә.

Сонымен, «айтушың» қандай ағайын?..

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу