07 Наурыз, 2018

Заң үстемдігін қамтамасыз етуге негіз қаланды

490 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде құқық қорғау қызметін жетілдіру бағытында көптеген игі бастамалар жүзеге асырыла бастады. Расы керек, бұл бағыттағы жұмыстар еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келеді. 

Заң үстемдігін қамтамасыз етуге негіз қаланды

Десек те, құқық қорғау қызметін ойдағыдай жетілдіруде көптеген кемшіліктер аяққа оралғы болып жататын. Бүгінде аталған саланы жаңа қы­ры­нан жаңғырту арқасында сол бір­қатар кемшіліктерден арылуға қол жетті.

Оған не себеп болды? Оған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында өткен жылы қабылданған «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық акті­леріне құқық қорғау қызметінің про­цестік негіздерін жаңғырту мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заң себеп болды. Ол үстіміздегі жылдың қаңтар айын­да күшіне енді. Бірден айту керек, осы заңды қабылдау арқылы қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамаға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Ең бастысы, көп жылдардан бері қалыптасқан қылмыстық процестегі тәжірибе тәртібі өзгерді. Бұл өз кезегінде құқық қорғау қыз­метін жетілдіре түсуге жол ашып, заң негізі құқық қорғау қызметін қада­ға­лауды және оған ведомстволық бақы­лау­ды күшейтуді талап етеді.

Мұндай іргелі өзгерістерді үлкен жетістік деп әбден айтуға болады. Се­бебі осы ірі реформалық қадам құ­қық қорғау қызметін жетілдіруге жол ашып қана қоймайды, ең бас­тысы, қылмыстық процесті реформа­лау арқылы заңның үстемдігін қам­тамасыз етуге батыл бетбұрыс жа­сауға негіз қалайды. Өйткені осы кез­ге дейін үнемі айтылып келе жат­қандай, қылмыстық процесті жаң­ғырту ісі заман талабына және ха­лықаралық стандарттарға сай болу­ға тиіс. Сарапшылар пікіріне сәй­кес, бұл заңның да негізгі мақсаты қыл­мыс­тық процестегі адам құқығын қор­­­ғауды күшейту, тараптардың ж­а­рыс­палылығын арттыру, сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыретті нақты бөліп, оның қайталануын болдырмауға, қылмыстық қудалау органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге ба­ғыт­талған. Демек, қылмыстық про­цес­те азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын талапқа сай қор­ғау­мен қатар, күдіктінің ұстауда бо­лу мерзімінің қатаң сақталуы тиіс қа­ғидасы да қалыптаса түседі.

Алайда заң қабылдануын қабыл­дан­ды. Бірақ енді ең бастысы, оның орын­далғаны керек. Міне, осы жайтқа бай­ланысты өткен жылы аталған заң күшіне енгенінен бастап, оның талаптарын бұлжытпай орындау және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қор­ғау мақсатында, қылмыстық қу­далау органдары мен облыстық про­ку­рорларға тиісті нұсқау жолданды. Оның үстіне заңның нормаларын әр­кім өзінше жорамалдап қолданбасы үшін әдістемелік ұсынымдар да дай­ындалды. Олар заңның орындалу­ын қадағалайтын тиісті құзырлы органдарға жіберілді.

Қылмыстық процесті жаңғырту мә­селесі дегенде, ең алдымен аза­мат­­тар құқын қорғау кезінде заң та­­лаптары толығымен сақталуы қа­жет. Алайда ол талаптарды сақтауда бұрмалаушылыққа, қа­ғаз­бастылыққа салынбас үшін қан­дай ілкімді амалдар қолданылып отыр? Міне, Конституциямызда айтыл­ғандай, мемлекетіміздің түпкі мақсаты адамның құқын қорғау болса, сол міндеттерді бұлжытпай орындау үшін қылмыстық процесті жаңғырту жұмысына жаңа технологиялар легі енгізілді. Осылайша, бұл бағытты жаңғырту саласында заманауи технологиялардың мүмкіндігі жан-жақты қамтылды. Цифрлы технология өз кезегінде құқық қорғау қызметінде аяққа оралғы болып келген көптеген кемшіліктерді жояды. Соның арқасында құқық қорғау органдарының жұмысы, соның ішінде қылмыстық қудалау қызметін жіті назарда, қатаң бақылауда ұстау тиімді жүзеге асады деп күтілуде. Тергеу әрекет­терін жүргізгенде адамдардың құ­қық­тары мен бостандықтарын сақ­тау, оларды заңсыз қылмыс процесіне тартпау қатаң сақталмақ. Міне, осы­лайша құқық қорғау қызметін же­тілдіруде, алдымен заң үстемдігінің сал­танат құруы басты на­зарға алынды. Ал оның сақталуы үшін күн сайын бүкіл республикадағы жағдайға мониторинг жүргізіліп отырады. Демек, заң үстемдігі қанат жайып, заңдардың бұлжытпай орындалатынына сенім зор.

Александр ТАСБОЛАТ,

«Егемен Қазақстан»