Ағалардың алақаны

Атам қазақтың «алақан» деген бір тамаша сөзі бар. Дүниедегі ең ғажайып мейі­рім – аналардың алақанында. Ал енді алдыңғы толқын ағалардың ізгі жүрек­ті, игі тілекті қамқор алақаны ше? Аға­лар алақанының шарапаты тимеген, жақсылығын көрмеген жан бұл өмірде, сірә, да жоқ болар.

Егемен Қазақстан
27.03.2018 196
2

Тіптен, мейлі, жеке басыңа арнап жасаған жақсылығы болмаса да мына дүниеде жақсы адамдардың, жақсы ағалардың көп екені де рас. Ал жан-жағына жақсының шарапаты тимей қоймайды. Көңіл айнадай ашылып, жан-жүрек жадырап жаңарған осынау шапағатты Наурыз күндерінде сондай абзал ағалардың асыл бейнелері, әзиз болмыстарын бір еске алып қойған артық емес шығар деп ойлаймын.

Қазақтың «аға» деген сөзінде бір жылы шуақ, ерекше қасиет бар. Ағалар болмысынан, сипатынан әрқашан көктемдей көңіл кеңдігін сезінбейтін кезіміз болмас. Жолында жақсы ағалар көп ұшырасқан адамның жолы болғыш келеді. Жақсы ағалар жасаған жақсылығын ешқашан бұлдамайды. Олар қамқор алақанымен алқаған інілер, кейінгі толқын жастар осындайда аға үмітін ақтауға, алдамауға тырысып, биіктерге талпынып ұмтылады.

Жо-жоқ, біз аға дегенде қандас, бірге ту­ған бауыр туыстықты айтып тұрған жоқпыз. Қазақ дәстүрінде жақсы адамдар өзінен жасы кішілердің бәріне аға. Мұндай ағалар еш­кімді елге, жерге бөліп алаламайды. Тек ісіне, сөзіне, ізгілігіне, таланты мен талабына, дарыны мен қарымына қарайды. Ағалардың бір ауыз жылы сөзі, саған деген сенімі қанаттандырады, титтей талабыңды таудай қылады, алдыңнан алыс қияндарға, бақытты болашақтарға бастайтын ақ жол ашады.

Қазақ салтында аға мен іні арасындағы ақ шуақты, алтын арқаулы дәнекер ешқашан үзілмеген. Жасы үлкен, жолы үлкен ағаларды дәйім құрметтеп сыйлаған. Әсіресе, рухани тұрғыдағы ағалыққа қатты мән берілгендігі байқалады. Әлбетте, бұл арада рухы бір еместер тек биологиялық туыстықпен ғана ағалы-інілі болып ұзақ жүре алмайтынын да ескеруіміз керек. Демек, «Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ» деген Абай күңіренісінің тегін болмағандығы. Бұл жерде де ұлы ақынның іздеп отырғаны қан туыстығы емес, жан туыстығы, рух бірлігі, рухани туыстық екендігін аңғармағымыз абзал. Тек сонда ғана «ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», Тек сол жағдайда ғана, жан жақындығы болғанда ғана «ағаның көңілі ақ жайлау».

Иә, хакім айтқандай, алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілердің рухани бірлігі, жан туыстығы қазақ топырағында ешбір толастамай, желісі үзілмей, бір-бірі­не деген ұлы сағынышы әмбе суымай келе жатқандығын айтуымыз керек. Мұхтар Әуезовтің атақты «Абай жолы» роман-эпопеясының үлкен бір бөлі­мін «Ақын аға» деп атағаны еске түседі. Бар­шаға мәлім, бұл – Абайдың ақындық мектебіндегі ағалығы. Оның жолын тұтқан, тағылымын алған ақын інілері Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай һәм басқалары. Ал әйгілі «Алаш» қозғалысының ағалары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлы бол­ғаны белгілі. Осынау адамдардың ағалық қамқорлығымен, аялы алақанымен қаншама ұлт тұлғалары тәрбиеленіп қалыптасты десеңізші! Солардың ішінен олардың аға­лық ақылмандықпен баулып, томағасын сыпырған, Лениннің алдында Қазақ автономиясына тиесілі жер туралы баяндама жасаған Әлімхан Ермеков пен ұлт мүддесі жолындағы қайтпас қайсар күрескер Смағұл Сәдуақасовтың ардақты есімдерін атасақ та жеткілікті болар. Немесе Алаш арыстарының кейінгіге, қазақ үшін Мұхтар Әуезовті сақтап қалу орайындағы ағалық жанашырлықтары да көңіл толқытарлық ғибрат емес пе.

Қазақтың кейінгі ұлылары да осы ағалық жолды сақтаудан танбады. Қаныш Сәтбаев, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков сынды кемеңгерлер жақсылық жасап, жолын ашқан қаншама азаматтар еліміздің белгілі тұлғаларына, үлкен ғалымдарға, салиқалы санаткерлерге айналды. Алысқа ұзамай-ақ, көрнекті жазушы, қазақ баспасөзінің көш бастаушы баһадүрі Шерхан Мұртазаның – Шерағаңның шекпенінен шыққан айтулы інілерін санамалап шығудың өзіне талай уақыт кетері анық. Солардың бірі де бірегейі күні кеше өмірден өткен «Егеменнің» қара нары Ержұман Смайыл еді. Бұл кісінің де жақсылығын көрген, ағалық жан жылуын сезінген кейінгі толқын өкілдері, іні-қарындастары көптеп саналатынына барған сайын көзіміз жете түсуде. Өмірде шын мәнісінде аға бола білген. Шерағаң сияқты, қалың көпшіліктің, кейінгі толқынның қалауымен ол да Ераға деген қастерлі атқа ие болған.

Аға жолы – ардақты жол. Аға қасиеті – қам­қоршылдық. Аға болу, аға деген атқа ие болу оңай емес. Ондай бақыт пен құрмет кез келгеннің пешенесіне бұйыра да бермейді. Ағалықтың қадір-қасиетін сақтай білейік, ағайын. Өйткені ағалыққа адалдық пен тазалық, ақ пейіл ғана тән. Ағалар – бірлік пен береке тұтқасы. Ағалықтың үлкен дә­режесі – ел ағасы болу. «Жақсы адамдар көп әлі сырласпаған, кезекті күн есігін бірге аш­па­ған. Ал ғажабы кездескен жақсы ағалар, Туыс маған, дос маған, құрдас маған». Жақсы ағалар­дың кеуделерін әркез «адалдық», «дарқандық», «шыншылдық» деп аталатын жыр кернейді. Ағалар алақанының жылуы қалың елге қажет.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Қайрат БЕСБАЙЫС (27.03.2018 10:15:42)

"Шіркін, біздің ағалар" -деп, өзімізқалай толғансақ, бізден соңғылар біз сияқты солай айтардай болғанда БАҚЫТТЫМЫЗ да. Рахмет, ойланарлық, ой саларлық екен!

Пікір қосу