Білім • 28 Наурыз, 2018

Елімізде мектеп оқушыларына қаржы сауаттылығы оқытылады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы сауаттылығы мен кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту бойынша 10-11 сынып оқушылары арнайы сабақ өтетін болады. Бұл турасында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі аясында өтіп жатқан «Рухани жаңғыру»  сессиясы кезінде Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Елімізде мектеп оқушыларына қаржы сауаттылығы оқытылады

«Қаржы сауаттылығы мен кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту бойынша 10-11 сынып оқушылары арнайы сабақ өтетін болады. Бұл өте маңызды қадамдардың бірі. Сонымен бірге кәсіптік колледждерде нарық ыңғайына қарай оқушыларға қаржы сауаттылығы үйретіледі. Олар оқуды бітірген соң жұмыс іздеуші маман емес, жұмыс берушіге айналады. Мұндай жоба осыған дейін Қарағандыда іске асырылды, бүгінде алғашқы нәтижесін де көрсетті», дейді вице-министр Асхат Аймағамбетов.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»