Аймақтар • 04 Сәуір, 2018

Болашағымыз – бірлікте!

1223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қалаға қарасты Солнечный кентінде негізін өз ұлтымыз құ­райтын 7 мыңдай адам тұрады. Сонд­ай-ақ 1880 орыс, 141 украин, 82 неміс, 79 татар, 41 белорус, 5 чешен ұлтының өкілдері бар. Жақында Өзбекстаннан келген 24 отбасы қоныстанды.

Болашағымыз – бірлікте!

Суретті түсірген Дарина ТӨРЕМҰРАТ

Елге ел қосылса – құт. Бұл күн­дері қазақ тілінде білім бе­ретін мектеп­те 400-дей оқушы, орыс тіліндегі мектепте 366 оқушы бар. Орыс мектебінде 130-дай қазақ баласы оқып жүр. 1-5 жастың аралығында 400-дей бүл­діршін өсіп келеді. Бала санымен бірге қоныстанушылар да көбеюде. Өндірісті кент сана­латын елді мекен, тұрғын­дарының көпшілігі зәулім биік мұржалары бар алып стансада еңбек етуде. Бірнеше шаруа қожалығы, шағын және ор­та бизнес нысандары жұмыс істейді. Тұрғындардың балалар жаңа мектепте білім алса деген өтініштері де орындалар күн жақын. Қазір 420 орындық қазақ тілінде білім беретін мектеп құрылысын салу үшін Екібастұз қаласы әкім­дігінің құрылыс бөлімі құжаттамалық смета жобасын дайындау­да. Республикалық бюджет қаражатына салынатын құрылысты жергілікті мердігер компания жүргізбекші. Бұл қуанышты жайт қала әкімі Қайрат Нүкеновтің халықпен болған есепті кездесуінде айтылды.

Наурыз мейрамы күні мектеп салынатын құрылыс алаңына мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар жиналды. Сүйіншілеп, бір-бірін құттықтаған кенттің үлкендері Әнурбек, Қалиасқар қажылар, Клара, Зәру, Биғайша әжелер «Мектептің іргетасы берік, шаңырағы биік болсын!» деп бата жасады. Шашу шашылды. Оқушылар мектепке келер жолға ағаш екті. Кент әкімі Маржан Алшымбаева да құт­тық­тау сөз сөйледі.

Ал Абай атындағы мектеп директоры Айман Кенже­баева­ның айтуынша, ауыл үлкендері көптен күткен қуа­нышты Наурыз тойымен бірге мек­теп салынатын жерде атап өтуге ұсыныс білдіріпті. Осы қуанышты ел газеті «Егемен­мен» де бөліскіміз келді дейді ауыл­дықтар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы