От орнын күзеткен неміс

Осыдан отыз жылдай бұрын Алтайдың арғы бетіндегі туып-өскен от орын мен ошақ басын қиып тастап, ағайын-туысты бастап атамекенге аяқ басқан заман-тын. Ол тұста Қазақ елі әлі тәуелсіздігін де алмаған. Бізге бұйырған бұйығы ауылдың құдайға тәубе түтіні түзу. Дені қазақ, аздаған неміс-орысы бар. 

Егемен Қазақстан
27.04.2018 1390
2

Бір күні ферма бастығы қасыма тағы екі жігітті қосып «Ахмет қорада» қыстай­тын Қайыс дейтін шопанның үй-жайын жөн­деуге алып барды. Артымыздан іле-шала тас артқан трактор келіп жетті. Кузов­қа шығып тас түсіріп тұр едім, желке жа­ғым­нан «Ассалаумағалейкум, бауырлар, атаме­кенге қош келдіңдер» деген жып-жы­лы қоңыр үн ерке самалдың лебі көтер­ген үкінің үлпіліндей қалықтап естілді. «Уағалейкумсалам». Жалт қарасам, ақайыл жиреннің үстінде шыбыртқысын сүйретіп, дала желіне тотыққан шегіркөз сап-сары «орыс» тұр. Мен сұлқ түстім. Ана жақтан завферманың «Бұл Қайыс аға ғой» деген үні естілді. 

Расын айтсам, ол күндері көп дүниеден хабарсыз едік. Басқасын былай қойғанда жетем деген құстың қанаты талатын құладүздегі мына ауылға орыс-неміс қайдан келді? Артынан білдік, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Кеңес Одағының басшысы И.Сталин Еділдің ен бойын иемденіп, қос қапталын еміп жатқан ежелгі немістерді жылы ұясынан түп қопарып көшірген екен де, солардың бір тобы осы жерден пана тауыпты. Тіпті көбі әке-шешесі жоқ жетім балалар. 

Назар Ауғанбаев дейтін ұста ақсақал өзінің екі ұлына қосып үш жасар немістің баласын асырап алыпты. Оның құжаттағы «Гаинс Рудольф» дейтін атын өзгертіп «Қайыс Ауғанбаев» болдыра салған. Бізге «қош келдіңдер» деп ақайыл жиреннің үстінде жылы жымиып, мейірлене қарап тұрған осы Қайсекең екен.

Арада көп уақыт өтеді. Қайыс үлкен азамат болады. Қызық болғанда Назар атамыздың ұлдары оқып-тоқыған соң ауылға оралмапты. Қызмет бабымен елден алыстап кеткен. Бірі Алматыда үлкен дәрігер, екіншісі шетелде елші дегендей... Ақыры қара шаңырақта Қайыс қалып қойыпты. Нәкең шаңырақтағы ұлға қойшы Ахметтің оқымаған малсақ, қаражон қызы Дәмеліні алып береді. Қайсекең әуелі қайын атасы Ахметпен бірге ұзақ жыл қой бағып, ақсақал зейнетке шыққан соң оның қыстауын мұралап қалған. Біздің таспен жамап жүргеніміз осы қора. Назар ақсақал мен кемпірі екеуі орталықта тұрады. Қайыстың сап-сары ұл-қыздары ата-әжесінің қолында оқып жатты... 

Бір күні ауыл дүрлікті. Тоқсаныншы жылдардың ортасы болатын. Екі жыл бұрын Назар мен кемпірі арасына алты ай салып дүниеден өткен-тін. «Германиядан Қайыстың ағасы іздеп келіпті». Ағасы інісін «Гаинс Рудольф» деп ұзақ іздеген екен. Інісінің Қайыс болып өзгеріп кеткенін қайдан білсін. Ақыры тапқан. Қызық болғанда Қайыс ағамыз не немісше, не орысша білмейді. Ақыры екі ағайынға ветврач Қабдеш аудармашы болған. 
Қайыстың ағасы Ресейдің бір түкпіріне айдалып барыпты (қасында екінші інісі бар). Одақ құлаған соң Германияға көшіп кетіпті. Кельн дейтін қалада тұрады екен. Ол мал соңында жүріп әбден тотығып кеткен інісіне жаны ашып, бір аптадай шаруасына көмектескен болып жүрді де кетіп қалды. 
Келесі жылы ағалы-інілі екеу болып келді. Олар жай келген жоқ, інісіне мал суару үшін құдықтан су тартатын мотор, су тазартатын құрылғы әкеліп орнатып берді... Келесі жылы ағалары Қайысты бала-шағасымен Германияға көшіріп әкетті. Екі ортада ауданға барып көрмеген Дәмелі апамыз Еуропаның төрінен бірақ шықты...

 Сол екі арада мен отбасымды алып ауылдан көшіп кеттім. Қалған туыстар әлі сонда тұрады. Бір жыл бұрын қайын апамның ұлы үйленетін болып, мұндағы ағайындар атынан өкіл ретінде мен баратын болдым ауылға. Қыстың қыраулы күні жол жүру де оңай емес, әупіріммен 1200 шақырым жолды басып ауылға жеттім. 

Ертеңінде той малын сойып жатқан жігіттердің арасынан Қайыс ағамыздың сары ұлын байқап қалдым. Бұлар әке-шешесімен бірге Германияға көшіп кеткен сияқты еді ғой... Менің таңданып тұрғанымды аңғарған балдызым Кенже: «Е, бұлар Германияны тастап баяғы да қайта көшіп келіп алған» деді. Тойда Қайыс ағаны да көрдім. Қартайып еңкіш тартыпты. Бірақ әлі тың. Бір әредікте Қайсекеңнен «Германия жақпады ма, неге қайтып келдіңіз?» деп сұрадым. 

Қайыс ағамыз қалтасынан шылымын алып тұтатты, ауыл шетіндегі зиратқа ұзақ қарап, ойланып отырды да, «Сен әлгі жазушы жігіт емессің бе, ендеше саған шынымды айтайын. Германияға баруын бардым, бірақ ана зиратта жатқан Назар қарияны қиып кете алмадым... Жарықтық мені туған ұлдарынан кем көрген жоқ, қара шаңырағын сеніп тапсырды. Өзің ойлашы, шаңырақтың отын өшіріп мен қалай кетем. Одан да от орнымды күзетіп отырмаймын ба?! Одан кейін ұрпағым қазақ болмай қала ма деп қорықтым...». 

Қайсекең бұлай жауап берер деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді... көзімнен жас шығып кетті. Ойпырым-ай, менің от орным қайда қалды?!

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу