Жол

Қазақтың жолы үлкен, үш әріптен кейіптелген кішкене бойына көп мағына сыйғызған салиқалы да салмақты сөзде­рінің бірі – жол. Қазақтың жолы десек, ол халқымыздың ықылым заман­нан бергі бас­тан кешкен тарихын білді­реді. Сонымен бірге ұлттық жөн-жорал­ғымызды, әдет-ғұр­пымызды, салт-дәстүрі­мізді де осы жол деген сыр-сипаты мол сыр­баз сөзбен әдемі айшықтап жатамыз.

Егемен Қазақстан
30.04.2018 130
2

Үлкен пәлсафамен астарлағанда, жол – адамзаттың ұлы өмір сапары. «Жол мұраты – жету» болса, тұтас халықтар да, жеке адамдар да мүдделі мақсатына сан асулы шырғалаң жолдардан өтіп барып, сол ұзақ жолда небір қиындық әуселелерін кешіп барып жетпек. Бір сәт Қазақ елінің айырылып қалған аңсарлы тәуелсіздікке көзайым болып қайта қауышқанға дейін қанша тар жол, тайғақ кешуден өткеніне ой жүгіртіп, көзге елестетейікші. Сонда біз қазақ жолының, халық жолының қасиеті мен қасіретін теңдей ұғынар едік. Соған сай салмақтанар едік. Арзан күлкі, артық қылжаңға жол бермес едік.

«Мың шақырымдық алыс жол алғашқы қадамнан басталады» дейді қытайдың қанатты сөзі. «Жол – жүрсе бітеді» деп қайырады қазақ. Ақ тілеулі, кең пейілді халқымыз қашанда ұзақ сапардың басталатын алғашқы қадамына, жол басына айрықша мән берген, соның сәттілігін жақсы ырымға балаған, жақсылыққа жорыған. Қарап тұрсақ, қаз басып, тәй-тәйлап жүріп кетер кішкене баланың тұсауын кесу жоралғысы біздің қазаққа ғана тән, сол періште сәбидің алдағы бүкіл өмір сапарына, ғұмыр жолына сәттілік тілеу емес пе. Сол иір-шиыр бұралаң жолдарда сүрінбеуін, әрбір қадамын нық басуын тілейді.

Иә, адам үшін жолдың ең ұзағы да, ауыры да өмір жолы. Осы жолдың азапқа айналмауы, абыройлы болуы кім-кім үшін де басты мұрат, әрі-беріден соң адамдығына, ар-ожданына сын, қажыр-қайраты мен ақылына серт. Дәл осы арада «Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде. Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде» деп тебірене толғанған Қасым ақынның жыр жолдарына толқи қосылмасқа шарамыз қайсы?! Мінеки, байқасаңыз, өлең-жырдың да бір өлшемі жол екен-ау. Ендеше, жолдың қадір-қасиетін, біздің күнделікті тыныс-тіршілігімізде қаншалықты қажеттілігін осыдан-ақ біле беріңіз.

Ата қазақтың ең тамаша, қысқа да нұсқа, дәстүрлі ақ тілеуі «Жол болсын!» деген «қазақтың дәл өзіндей қарапайым» сөздермен әдіптеледі. Жол жүретін адамға, алыс жаққа оқуға, қызметке кетіп бара жатқан жастарға ақ жол тілейді. Сол жолдағы қадамы құтты болуын, гүл бітуін тілейді. Бұрынғыдан келе жатқан жол осы. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан». Жайсаң да жайдарман жігіттердің жақсы көретін, көбірек айтатын мақалы бұл. «Өзің бір жолы болғыш жігіт екенсің!» деп сүйсінеміз алғыр жігіттерге.

«Жол болсынның» ішінде бәрі бар. Тілек те, ниет те, сәлем де. Қазақтың ата сәлемін де әсіресе ақсақалдар осылай айшықтап жатушы еді, жарықтықтар. Біздің бала кезімізде үлкен кісілер бір-бірімен кездесе қалғанда әуелі «Жол болсын!», «Әлей болсын!» десіп жөн сұрасатын, мал-жанның амандығын білісетін, алдағы сүре әңгімеге осылай бастау жол салатын. Ата-бабадан қалған осы ілтипат, ізеті мол жол-жобаны ұмытып бара жатырмыз ба, қалай өзі?

Жол, жол... Ауыл іргесіндегі орман ішінде жалғыз аяқ жолдар болушы еді. Жалғыз аяқ жолмен өрлеп Қақпақтас деп аталатын шоқы таудың басына шығушы едік. Көз жетер көкжиектерді алғаш солай шолған болатынбыз. Жалғыз аяқ жол сүрлеу, соқпаққа жалғасатын. Ат-арбамен шөп шабуға барғанда айдау жолға түсетінбіз. Ауыл-ауылдардың арасында шаңға көмілген қара жолдар жататын. Бұл қазақ тастақты жолды да, батпақты жолды да, қия жолды да, күрпілдек жолды да көрген. Қазақтың кең даласында не көп, жол көп. Олардың атауы сан түрлі. Қатқақ жол, қабырға жол, бұралаң жол, төте жол. Жайлау жолы... «Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын. Бір жол бар жа­қын, жақын да болса алыс» деген жол­ға қа­тысты мағыналы мақалды шығарған да қазақ.

Бұрынғы замандарда Бурабай-Көкшедегі Хан ордасынан қасиетті Түркістанға баратын атақты Абылайдың қара жолы болыпты. Білетін адамдар сол жол сілемдері әлі де бар, бағдарын сызып, картаға түсіруге болады дейді. Хан Кене бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің ізімен ізерлей сапарлаған, жаны жәннатта болғыр марқұм Нұрмұханбет Ысқақов деген азамат ағамыз. «Кенесары ханның жорықты жолдарымен» деген тамаша танымдық кітап жазып, бастырып еді. Міне, осындай тарихи жолдар да бүгінгі де кейінгі ұрпақтың көкірек пен көңіл көзінен әсте таса қалмауы керек деп ойлаймыз.

Атасалтымыздың ғибраттылығы сонда, жолы үлкен кісіні артықша сыйлап, төрге отырғызады. Үйге келген қонақтың жолын береді. Көргенді адам жолдан жаңылмайды. «Әкесі тұрғанда баласы сөйлегеннен без, ағасы тұрғанда інісі сөйлегеннен без» дейтін жолымыз да бар. Қазақтың өз жолы, қазақты қазақ етіп тұрған жол. Осы қазақ жолын әсте ұмытпаған абзал.

Баба тарихымызда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» болған. Әз Тәукенің низамды жолы. Абылайдың ақ жолы, Кенесарының ерлік жолы, Абайдың даналық жолы, Алаш арыстарының азаттық жолы – бәрі де қазақты жарқын болашаққа бастаған құтты жолдар. Тәуелсіздік жолындағы халқымыз, Көк байрақты еліміз өз жолынан мәңгілік таймауын тілейміз.

ҚорғанбекАМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу