Қысқы спорт • 03 Мамыр, 2018

Атырауда қысқы спорт түр­лері жақсы дамып келеді

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қысқы спорт түр­лері жақсы дамып келеді. Облыстық дене шынықтыру жә­не спорт басқармасының бас­шысы Азамат Бекеттің айтуын­ша, өңірде 3 пен 14 жас аралы­ғындағы 60 бала мәнерлеп сыр­ғанаумен айналысады. 

Атырауда қысқы спорт түр­лері жақсы дамып келеді

Жас спорт­шыларға мәнерлеп сыр­ғанаудың қыр-сырын Олим­пия ойындарының жүлдегері Денис Теннің өзінен үйренуге мүмкіндік туды. Мұз айдынында өткен шеберлік сыныбын 500-ден астам атыраулық келіп тамашалады.

– Балалардың мәнерлеп сырғанауға деген құлшынысына риза болдым, – дейді Денис Тен. – Облыс басшылығы тарапы­нан спортқа оң көзқарас бар екен. Балаларға сапалы жаттығу жұ­мыстарына қажет жағдайдың бәрі жасалған. Осы шеберлік сыныбы жас спортшыларға жігер береді деген сенімдемін.

Кездесуде атыраулық мәнер­леп сырғанаушылар Олимпиада жүл­дегері алдында өнерлерін көр­­сетіп, бағыт-бағдар алды. Аты­­рау­дағы мұз сарайында оқу­шы­­­лар мәнерлеп сырғанауды тегін үй­ренеді. Олар түрлі дең­гей­дегі жа­рыс­тарда оза шауып бәйге алып жүр.

 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ