Аймақтар • 11 Мамыр, 2018

300-ден астам ақтөбелік «Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер алды

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

10 мамыр, бейсенбі күні 311 ақтөбелік отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған жаңа пәтерлерге ие болды. Кілттерді жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова табыс етті.

300-ден астам ақтөбелік «Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер алды

- Әрбір адам үшін баспананың маңызы зор. Тәуелсіздік жылдары елімізде мемлекет басшысының басшылығымен қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін көп дүние жасалды. Бұған осы шағын аудан дәлел. Бірнеше жыл бұрын мұнда далалық болатын, ал қазір мыңдаған пәтерлер салынған. Президенттің бес әлеуметтік бастамаласында айтылған негізгі мақсаттардың бірі де баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Былтыр біз облыста небәрі 790 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік, биыл кем дегенде 850 мың шаршы метрді пайдалануға береміз. Біздің басты мақсатымыз – баспанаға мұқтаж ақтөбеліктерді, соның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 80 мың салымшысы мен кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету,-деді өңір басшысы.

Өз кезегінде, Ләззат Ибрагимова Ақтөбе облысының тұрғын үйді тапсыру жағынан көшбасшы екенін атап өтті.

- Ағымдағы жылдың соңына дейін қолданыстағы 2133 пәтерден басқа, тағы да 1 655 пәтерді тапсыру жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламаны табысты іске асыру облыс әкімдігі жұмысының нәтижесі болып табылады. Банк, өз кезегінде, адамдарға қолжетімді несиелер беру арқылы тұрғын үйді сатып алуға көмектеседі. Енді «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында несие алу оңайырақ болады. Банк бастапқы жарнаны 30% -дан 20% -ға дейін төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізді. Алдағы айда жаңа ереже жұмыс істей бастайды, - деп түсіндірді ол.

- Тұрғын үй алабында (Нұр Ақтөбе) жаңа үйлер салынды. Тұрғын үйлер Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі салымшыларына 1 ш.м. 110 000 – 120 000 теңге бағасымен сатылады және бұл баға «Нұрлы жер» бағдарламасынан төмен.

Пәтерлерді тексергеннен кейін облыс әкімі мен ТҮҚЖБ басшысы жаңа қоныстанушылармен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Тұрғын үйлердің алдарына жүзден астам қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды.

Темір Құсайын,

"Егемен Қазақстан"