Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Егемен Қазақстан
23.05.2018 450
2

Әрине махаббаттағы қызғаныштың мәселесі қиынырақ. Бұл арада біз бір-біріне опасыздық жасау, көз­ге шөп салу сияқты, тағы басқа ерлі-зай­ып­­­тылар арасындағы қызғаныштардың себеп-сал­дарларына тоқталып жатпаймыз. Тек ерте за­мандағы әйгілі Рим императорының: «Це­за­рь­дың әйелінің адалдығы күмәннан тыс» де­ген астарлы афоризмін алға тартумен шек­те­леміз. Әлбетте, өмірлік жар-қосағына деген осындай шексіз, алғаусыз сенім қазіргі кезде де от басы, ошақ қасындағы қызғаныш деген қызыл иттің абалаған аптығын басып, азайтары анық. 

Қызғаныш әлеумет өмірінің, қоғам тол­қы­ны­ның барлық қатпар-қалтарыстарын қам­тиды. Адам бойындағы теріс мінез, жаман­дық атаулыны өлтіре шенеген Абай хакімнің «Ескендір» поэ­масы: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен, Ма­ке­дония шаһары оған мекен. Филип патша ба­ласы ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен» деп басталады. Міне, осы мақтан сүй­гіш, қызғаншақ Ескендір патша бола салысымен «өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартып қарады оңды-солды» дейді. Иә, қызғаныш астам­шылдыққа, ашкөздікке, тойымсыздық пен ынсапсыздыққа жел береді. Осы заманғы ел­аралық қатынастарда да қызғаныштан туған ба­қай есептер болмай жатыр деп кепілдік бере алмай­мыз. Әсіресе Қазақ елінің жерінің кең­ді­гін, кенінің кенендігін күндеп көре алмаушылар, со­ған жаңағы Ескендір патшадай көз алартушылар осы таяу төңіректен-ақ табылатынына еш шү­бә­ланбаңыз.

Әлімсақтан келе жатқан әмбеге белгілі бір дерт – ұлы тұлғалардың, өнер иелерінің талант-дарынын қызғану. Арыда Сократқа, беріде Моцартқа у беріп өлтірген деген әңгімелер тарих парағында хатталып қалған. Кезінде ұлы ақын Пушкин «Моцарт пен Сальери» деген шағын драмалық дастан жазып, қызғаныш қасіретінің көркем шындығын келістіре суреттеген  болатын. Моцарттың аузына: «Ол данышпан ғой. Ал данышпандық пен зұлымдық – бір қауызда қабыспайтын екі түрлі нәрсе» деген сөздер салады. Сол айтқандай, нағыз кемеңгерлер қызғаныш сынды пендешілікке бой алдырмаса керек-ті.

Ежелгі қазақ даласында біреудің маңдайына біткен сұлу жарын, жүйрік атын, қыран бүркітін қызғанып қара күшке жүгіну жағдайлары аз болмағанын байқаймыз. Ғашықтардың арасына тікенек болып шыққан қара қызғаныштың қиянатшыл бейнелері – Қодар мен Бекежан. Ерейменнің жазығында, Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде құстай ұшып бірінші болып келе жатқан Ақан серінің Құлагер тұлпарының алтын басын балталап шауып жер қаптырған да – батыраш қызғаныш еді. Бірақ қаскөйлер бәрібір діттеген арам пиғылдарына жете алған жоқ. Қайта қазақтың барлық замандардағы өрен жүйрігі Құлагер болып қалды. Халқымыз үшін хас таланттың да шынайы бейнесі – Құлагер. 

Нәзік жүректі, жаны жараланғыш керемет дарын иелері қызғаныш пен күншілдік құрбаны болып жататыны белгілі. Сырттан ғайбаттау, қаңқу мен сыбыс тарату, өтірік пен өсек – күншілдердің басты қаруы. Қазақтың аяулы әншісі Күләш Байсейітова, аймаңдай ақыны Мұқағали Мақатаев және басқалары қызғаныштың қызыл итіне таланбады деп кім айтады.

Кезінде кеңестік кер саясаттың сіреу мұзды сеңін бұзып Кенесары хан туралы «Қаһар» романын жазған ұлтжанды қайсар қаламгер Ілияс Есенберлин көре алмаушылықтың құрбандығына шалынды, бәле іздегендер басынан қиқу кетірмеді. Ақсақал жазушыларымыздың өзі ұлт мүддесін пендешілікке жығып беріп, қазақ жастарының санасында үлкен сілкініс тудырған шығарманы сан-саққа жүгіртіп, алдынан он сан кедергілер орнатып бақты. Осы жағдай талқыға түскен жиында тек партизан жазушы Әди Шәріпов қана: «Біз неге осыншалықты қызғаншақ, күншілміз? Тарихи тақырыпты бағаламау көрсоқырлық қой!» деп назаланды. Әйткенмен, сол «Қаһарды», тұтастай «Көшпенділер» трилогиясын халық өзі хан көтеріп әкетті. Трилогия лениндік сыйлыққа ұсынылды. Қатаң іріктеуден кейін екі үміткер ғана қалды: грузин Думбадзе мен қазақ Есенберлин. Куәгерлердің айтуынша, Мәскеуге үлкен топ болып келген грузиндер өз жазушысының шашбауын көтеріп, мәртебелі сыйлыққа тек соның лайықтылығына тиісті орынның көзін жеткізген, сендірген. Ал біз, қазақтар не істедік? Есенберлинді жалалаған домалақ арыз, шағым хаттарды төгіп тастадық. Сөйтіп сыйлық Думбадзеге берілді. Бір-бірінің бағын қызғанған, алты бақан, алауыз қазақ айдалада қалды. 

Осындай келеңсіз жайлар келешегімізге сабақ болса, қане. Абай хакім айтқандай, жа­ны аяулы жақсыға қосамын деп ырылдатып қыз­ғаныштың бір-бір қызыл итін сақтағаннан сақ­тасын Құдай. Имандылыққа жат қызғаныш нәпсісін тыя білейік, іштарлық пен көре алмау­шы­лықтан аулақ болайық, ағайын!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу