Театр • 03 Маусым, 2018

Павлодарда Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент театр әртістеріне көмекке келді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Ж. Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының репертуары балаларға арналған жаңа қойылыммен толықты. 

Павлодарда Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент театр әртістеріне көмекке келді

Суретті түсірген Аян Сабыр

Е. Пермяковтың балаларға арналған шығармасы негізінде  жазылған «Отпен ойнама!» атты ертегісі көрсетілді. Театр  режиссері  Әділет Ақановтың  айтуынша, театрда балаларға арналған бірнеше қойылым бар. Отпен ойнама тақырыбы-өзекті. Мақсат-от пен судың қаншалықты қауіпті екенін сахандан көрсетіп кішкентайларға ой салу. Ертегі арқылы көрсетіп  өрттің қауіпті екенін түсіндіреді.  

Ертегі басталмас бұрын балалар  театр фойесіндегі облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті арнайы дайындаған көрмемен танысады. Көрмеде  өрт сөндіру техникалары, құрал-жабдықтары мен киімдері қойылған. Мамандар әр баланы көрмеге қойылған заттармен таныстырып, оларға өрттен сақтанудың ережелері жазылған парақшаларды үлестіреді. 

-Жалпы, жаз мезгілінде өрт қаупі жиі кездеседі. Осыған орай біз облыстық Ж.Аймауытов атындағы, А.Чехов драма театрларымен бірлесіп, балаларға арналған ертегілерді қоюды қолға алдық.Мақсат өрт қауіпінен сақ болуға, сіріңке тәрізді от тұтандыратын заттарға жоламауға, ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақыру. Биыл өңірде балалардың қатысуымен өртке қатысты 3 оқиға тіркелді, - дейді өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу басқармасы бастығының орынбасары Қайыргелді Әлімхан.                

Ал «Отпен ойнама!» қойылымындағы рольдерде Еркежан Төлеубек, Қобыланды Болат, Нұрсерік Кеңесбаев, Айгерім Сүлейменова және театрдың басқа әртістері ойнайды. Ертегі маусым айында да жалғасады.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар