Су спорты • 07 Маусым, 2018

Будапеште ватерполдан әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді

333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16-24 маусым аралығында Венгрияның бас шаһары – Будапеште ватерполдан ерлер арасындағы Әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді. Бұл жарыста Черногория, Хорватия, Испания, Венгрия, АҚШ, Аустралия, Жапония және Қазақстанның ұлттық құрама командалары күш сынасады.

Будапеште ватерполдан әлемдік лиганың суперфиналдық сайыстары өтеді

Айтулы дода 2002 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Грекияның Патры қала­сын­да өткен тұсаукесер турнирде Ресей спортшылары топ жарса, одан кейін Нью-Йорк пен Лонг-Бичте Венгрияның ватерполшыларына тең келер ешкім табылмады. 2005 және 2006 жылдары Белград пен Афинада жалауы жел­біреген жарыста Сербия мен Черногория құрамалары ша­ша­сына шаң жұқтырмады. Кей­ін­­нен жоғарыда аталған мем­ле­кет­­­тің іргесі сөгіліп, олар­дың әр­­­қайсысы жеке-жеке коман­да жа­­сақтайды. Бұл ретте де олар не­сібесіз болған жоқ. 2009 жы­лы Под­горицада өткен дода Чер­но­го­рияның жеңісімен аяқталса, С­ербияның су добы шеберлері тоғыз мәрте бас жүлдені олжалады.

2012 жылғы Әлемдік лига­ның суперфиналы Алматыда ұйым­дас­тырылғанын жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Осы спорт түрі­нің шоқ жұлдыздары Алатау бау­райында алты күн бойы айқа­сып, солардың арасынан Хорватия суырылып шықты. Финалда хорваттар Испаниядан айла­сын асырса, қола медаль Италияға бұйырды. Өкінішке қа­рай, барлық бәсекеде жеңі­ліс тап­қан жерлестеріміз Алма­ты­да­ғы турнирді ең соңғы орынмен қорытындылаған болатын.

Будапеште жарыс жолына шығатын командалардың бар­лы­ғы да өте мықты. Өзге дода­ларды айтпағанда Олимпия ойын­­да­ры­­ның өзінде ғана Вен­г­рия ва­тер­пол­­шылары 9 мәрте жеңім­паз атанды. АҚШ, Испания және Хорватия бір-бір реттен дәл сол тұ­ғырдан көрінді. Сербиямен бір ту­дың астында өнер көрсеткен кез­де Черногория күміс меда­ль­­ді иеленді. Аустралия мен Жа­по­ния Олимпиада мен әлем чем­­пионаттарында жүлде алма­ға­­нымен, олардың да қазіргі қар­қыны күшті. Міне, Венгрияда өте­тін Әлемдік лиганың супер­фи­налында Қазақстанның су до­бы шеберлеріне осындай мықт­ы­лармен айқасуға тура келеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ