Медицина • 20 Маусым, 2018

«Елбасының бес бастамасы» тақырыбындағы видео-байқау аяқталды

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жас Отан»-ның ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Елбасының бес бастамасы» тақырыбында видео-байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астанаға еліміздің басқа қалаларынан келіп жетті.    

«Елбасының бес бастамасы» тақырыбындағы видео-байқау аяқталды

Байқауға Алматы қаласын қатысқан, қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде дизайн пәнінен сабақ беретін Айжұлдыз Абыкеева 1-орын мен Canon 7d Mark фотокамерасын жеңіп алды. 2-орынның және электронды стэдикамның иегері Қарағанды Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Бердібек Қазығұлов атанды. Ол Маңғыстау облысының Боранқұл ауылынан «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсіп, «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша білім алуда.

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің маманы Ерболат Орымбаев жоғары оқу орындарында жатақханалардың жетіспеушілігі туралы әлеуметтік ролик түсіріп, 3-орынға берілген DJI Osmo камерасын ұтып алды. Ал Динара Құрманғожина ұсынған жұмыс арнайы жүлдеге лайық деп танылып, GoPRo экшн-камерасын сыйға алды. Байқаудың басты мақсаты – жастарды Елбасы жариялаған әлеуметтік бастамалармен, солардың ішінде, тұрғын үй бағдарламасы, білім беру гранты, салық cалу мәселесі, шағын және орта бизнесті дамыту сынды бастамалармен таныстыру. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілеп, сыйлыққа алған техникалармен түсірілген сапалы видеоларды күтетіндерін жеткізді.