Технология • 21 Маусым, 2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Алматы әкімі Бауыржан Байбек цифрландыру күндері аясында қаланың стартап- компанияларының өкілдерімен кездесті. «Smart.Poin» технологиялық кеңістігінің алаңында бейресми түрде стартап-ортаны дамытудың барынша  маңызды мәселелері талқыланды.

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

Бүгінгі күні Алматы  цифрландыруды енгізу бойынша  және ІТ өнімдерін шығаруда көшбасшы болып табылады. «Ақылды қала» концепциясы барысында қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және денсаулық сақтау салаларында жүйелі цифрландыру жобалары іске асуда. Бұл креативті кәсіпкерлер мен стартаперлер үшін ірі нарық болып табылады.

Осы кездесу барысында Б.Байбек жаңа технологияларды енгізу процестерді ашық жүргізуге және операциялық шығындарды азайтуға ықпал ететінін, сонымен қатар мемлекеттік аппарат пен бизнесте тиімді әкімшілікке қол жеткізетінін атап өтті.

«Мемлекеттің міндеті –бюрократтық кедергілерді барынша  азайту, тиісті  инфрақұрылымды қалыптастыру, бизнес бастамаларды ынталандыру. Ол үшін қалада түрлі қолдау шаралары жүзеге асуда, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтар және механизмдер арқылы кәсіпкерлер қаржылық ресурстарға қол жеткізуде. Дегенмен,  кедергілер де баршылық, ал оларды дұрыс шешу үшін біз жұмыс жасап жатқан компаниялар өкілдерімен ғана емес, істі  енді ғана қолға алған стартаперлермен де тұрақты кездесеміз», - деп атап өтті қала басшысы.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ