Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 23-25 маусым аралығына ауа райы болжамын жария етті.

Еліміздің батысында 43 градусқа дейін ыстық болады

«Қазақстанға қысқа мерзімді үзілістен кейін Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын және дымқыл ауа массалары қайта келе бастады. Бірақ алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және орталық облыстарына Ираннан жылы ауа ағындары ығысады. Сондықтан, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және күшті жел соғып, кей жерлерде бұршақ түседі және ауа температурасы төмендеуі мүмкін», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еліміздің батыс бөлігінде антициклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз ыстық болуы ықтимал. Ауа температурасы 32-37 градусқа, кей жерлерде 40...43 градусқа дейін жоғарылайды.