Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Астанаға келген сайын бір жаңалықты көремін - Олег Сосковец

339 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанаға – 20 жыл. Осы мерейлі күн қарсаңында уақыттың жүй­рік­тігіне – онжылдықтардың көз ілес­пес жылдамдықпен зымырап өт­кен­­дігіне, оған қоса осы уақытта Нұр­сұлтан Назарбаевтың еңбегімен, күш-қуатымен және ерекше дарыны ар­­қы­лы қыруар жұмыстың істелгеніне таң­данысымды жасырмаймын.

Астанаға келген сайын бір жаңалықты көремін - Олег Сосковец

Тарих өлшемімен қарағанда азған­тай ғана уақытта алғашқыда мүм­кін еместей көрінген ойлар жүзеге асты. Әрине бұл жерде тек ғаламат құ­ры­лыс­тың қарқынын ғана емес, онымен қапталдаса жүретін инженерлік, әлеуметтік, қаржылық саяси мақсаттар мен кешенді өзге де проблемаларды айтып отырмын. 

Әдетте маған заманауи Қазақ­стан­ның рухы мен мазмұнын ашатын айрықша белгісі не деген сауал берілген кезде, ойланбастан ай­та­тын жауабым біреу – Астана! Жа­ңа мыңжылдық қарсаңында сайын даланың төсінде пайда болған Қазақ­станның астанасы бүгінде әлемдік қала құрылысының озық үлгілерінің бірі болып танылды. Ол қазақ жерінің ежелгі рухы мен халық дәстүрінің терең­дігіне бойлай отырып, қала құ­ры­лысында, қаланы жоспарлауда ал­дың­ғы қатарлы сәулет идеяларын сіңіре білді. 

Бүгінгі Астана – өте сәулетті, жайлы және достарына құшағы ашық, кел­ген сайын ынтықтырып, қуантып тұ­ра­тын қала. 

Астананың іскерлік ырғағына түсіп, кең көшелерінде, өзен жағалауында, сая­бақтарында қыдырыстап, музейіне жә­не өзім көргендердің ішіндегі ең ға­жа­йып театрына барудың өзі бір ға­нибет. 

Астанаға келген сайын бір тың жа­ңа­лықтың куәсі болатыным рас – Қазақстанның астанасы өсіп-өркен­деп, дамып қана қоймай, қаржы, іскер­лік, саяси салаларда әлемдік беделі жоғарылап келеді. 

Дәл осы жерде ауқымды халық­ара­лық форумдар өтеді және бұған Еуропа мен Азияның, оңтүстік пен сол­түс­тіктің түйісетін тұсында орна­лас­қан географиялық қолайлы орналасуы да себеп болса керек. 

Астана кез келген қалыптағы, бар­лық деңгейдегі ауқымды шараларды шебер ұйымдастырып, күн тәр­тібіне халықаралық саясаттың күр­делі мә­се­­лелерін және негізгі са­ла­лардың бо­­лашағы, жаңа цифрлы технологиялар, «жасыл экономика» тәрізді өзекті тақырыптарды шығарып келеді. 

Мен Нұрсұлтан Әбішұлының үзең­гілестерінің ортасында болған сәт­­терімде жаңа астананы салу жос­па­рын жүзеге асыруда көптеген қиын­дық­тардың қалай еңсерілгендігін талай естідім. 

Сол ауқымды мақсаттарға жету тек саяси жігерлі, басшылық қызметте тәжі­рибесі мол, мемлекет құрылысын те­­рең түсінетін және ұғынатын, алда­ғы онжылдықтарды дәл болжай бі­ле­тін нағыз көшбасшының ғана қолы­нан келеді. 

Осы сәтті пайдалана отырып, Астанаға, ел Президентіне, осынау тама­ша қаланың тұрғындарына, барша қазақстандықтардың гүлденуіне, жа­ңа табыстарға жетуіне, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осыдан бір­неше жыл бұрын жобасын өз қолымен сызған «болашақтың қаласы» сияқты өзге де батыл шешімдері мен армандары орындала беруіне тілектестік білдіремін. 

Олег СОСКОВЕЦ,

Ресей тауар өндірушілер одағының президенті