Әдебиет • 04 Шілде, 2018

Қызылордада Жазушылар одағының облыстық филиал мүшелері бас қосты

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің қатысуымен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы мүшелерінің басқосуы өтті.

Қызылордада Жазушылар одағының облыстық филиал мүшелері бас қосты

Мәжілісте филиал директоры Қаршыға Есімсейітова Қазақстан Жазушылар одағында өткен дәстүрлі әдеби жыл қорытындысын сөз етіп, көтерілген мәселелерге тоқталды.

Жазушылар үшін жағымды жаңалықтар бар екен. Мәселен, Жазушылар одағы Қазақстан Кәсіподақтары Орталық ұйымымен келісімге қол қойып, зейнет жасындағы қаламгерлердің еліміздің демалыс орындарында жеңілдікпен демалуына жол ашып отыр. Сондай-ақ, одақтың жұмысын халықаралық деңгейге көтеру жоспарлануда. Осындай жолмен қазақ жазушыларының еңбектері өзге тілдерге аударылып, шет елге таныстырылады. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары аймақта да әдеби шығарманың көркемдік сапасын көтеруді, аға буын мен кейінгі ұрпақтың сабақтастығы арасында әдеби байланысты нығайту керектігін атап өтті.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы