Парламент • 09 Шілде, 2018

Сенат депутаттары «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағына барды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Серік Жақсыбеков пен Еділ Мамытбеков жұмыс бабындағы сапар аясында «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймақтағы №1 индустриялық парктің нысандарын аралады.

Сенат депутаттары «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағына барды

Сенаторлар сапар барысында аясында қағаз өнімдерін өндіретін «Ipek Kagit Asia» кәсіпорнында, «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында, «GLB» үй құрылысы комбинаты мекемелерінде болды. Кездесу қорытындысы бойынша еркін экономикалық аймақтың одан әрі дамуына кедергі келтіретін заң шығару сипатындағы бірқатар өзекті мәселелер айқындалды.

Парламентшілер Сенаттың бұдан былайғы жұмыстары барысында мүдделі тараптармен бірлесе отырып өзекті мәселелерді шешу және инвесторлардың ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылды жалғастыруға ниеттеніп отыр.