Күрес • 20 Шілде, 2018

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамызда Астанада Qazaq Kuresi бойынша Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Халықаралық қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі.

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

Жарыс сегіз салмақ дәрежесінде және абсолюттік салмақтық дәрежеде өтеді.

Қазақтың ұлттық күресінен өтетін жарысқа әлемнің 10 елінен 50 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Бүгін Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолия елдерінің спортшылары чемпионатқа қатысатындарын растады. Сондай-ақ, Иран, Пәкістан, Үндістан сынды елдер спортшыларын сынға дайындау үстінде.