Бокс • 23 Шілде, 2018

Боксшыларымыз Одессада қос қола алды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның Одесса қаласында бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионаты мен КСРО халықтары спартакиадасының жүлдегері, бірқатар халықаралық додалардың жеңімпазы Семен Трестинді еске түсіруге арналған турнир өтті.

Боксшыларымыз Одессада қос қола алды

Қара теңіз жағалауында өткен жарыста Қазақстанның бес боксшысы бақ сынап, соның екеуі елге жүлдемен оралды. Олар – Әлішер Аятқожанов (49 кило) пен Дамир Әбдіқадыр (52 кило). Жартылай финалда Әлішер израильдік Давид Алавердиянан ұтылса, Дамир украианлық Дамир Фатишке есе жіберді.

Ал Асан Ерубек (60 кило), Асқар Ерубек (64 кило) және Максим Мелтонян (+91 кило) тұсаукесер кездесулерінде жеңіліс тапты. Жарыс нәтижесі бойынша 10 салмақ дәрежесіндегі бас жүлденің тең жартысын Украина құрамасы олжаласа, Грузияның боксшылары екі бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, Израиль, Иордания және Молдованың өкілдері де бір-бір реттен топ жарды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»