Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтардың тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысуы үшін танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілері арқылы алдын ала Агенттіктің аумақтық департаментіне өтініш беруі қажет.
Агенттік қоғамдық бақылауды күшейтудің осы саладағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың ең тиімді тетіктерінің бірі болатынына сенімді. Сонымен қатар, талапкерлердің әлеуетті жұмыс берушілері болып табылатын бизнес құрылымдары өкілдерінің конкурстық комиссияларға қатысуы өте маңызды.
Әр ауданда және облыста құрылған Агенттіктің арнайы бақылау топтарының мүшелері конкурстық процедураларға белсенді қатысады. Оған түрлі салалардағы сарапшылар кіреді.