Қылмыс қашан құрықталады?

Ресми деректерге сенсек, соңғы жылдары Қазақстанда қылмыс асқынған үстіне асқынып барады. Мұндай құбылысты түсіну де, түсіндіру де қиын. Өйткені біріншіден, миллиард халқы бар елдерді айтпағанда, жүз миллионнан астам халқы бар Ресей сияқты тұрғындары көп мемлекет емеспіз. Екіншіден, қазақ ешқашан қылмыскер, басбұзар халықтардың қатарына жатқан емес. Біз ғасырлар бойы тыныш малымызды бағып, ағайын-туыс, құда-жегжаттарымызбен араласып, бейбіт қана өмір сүрген ұлтпыз.

Егемен Қазақстан
31.07.2018 77

Олай болса, осындай момақан елде жантүршігерлік қылмыстардың жиі-жиі орын алуының сыры неде? Кез келген қоғамның қалыпты дамуы үшін онда қатаң тәртіп орнауы керек. Бізде сол тәртібіңіз тәлтіректеп тұр. Оны түзейін деген талпыныс та байқалмайды. Былайша айтқанда, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Арам пиғылдылар соны түсініп алған. Сондықтан да қылмысқа әуестенушілік көбейіп барады. Әй, не істер дейсің, тәртіп орнататын шенеуніктер өз шаруаларымен әлек, біз де мүмкіндікті пайдаланып қалайық дейді. «Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетедінің» нағыз өзі.

Өткен 2017 жылы Қазақстанда 316,4 мың қылмыс жасалыпты. Бұл одан он жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,4 есеге көп екен. Егер мәліметтерге жүгінсек, 2011 жылдан бастап елдегі қылмыстардың қаулап өсе бастағанын аңғаруға болады. Мәселен 2010 жылы Қазақстанда 100 мыңнан сәл асатындай қылмыс жасалса, 2011 жылы ол көрсеткіш 200 мыңға, 2012 жылы 300 мыңға жетіп, 2013-2015 жылдары 300 мыңнан да асып түскен.

Әр он мың адамға шаққанда жасалатын қылмыстар санымен есептегенде Алматы, Астана қалалары мен Қостанай облысы ең криминалды өңірлер болып саналады екен. Мәселен Алматыда 2017 жылы әр он мың адамға шаққанда 359 қылмыс жасалса, Астанада – 331, Қостанай облысында 202 қылмыс жасалған.

Егер өңірлер бойынша қарастырар болсақ, өткен жылы Алматы қаласында 63,7 мың қылмыс жасалып, өсім 22,6 пайызды құрған, яғни одан он жыл бұрынғы кезеңмен салыстырсақ 4,3 есеге ұлғайған. Өткен жылы Астанада полицейлер тіркеген қылмыстар саны 33,2 мыңға жетіп, соңғы бес жылдағы өсім 46,2 пайызды құраған. Қылмыстар аз жасалады деген Маңғыстау облысының өзінде 6 мың қылмыс орын алып, өсім 29,9 пайыз болған. Жалпы, қылмыстардың жылдан жылға төмендеу көрсеткіші жоққа тән, бірыңғай өсу ғана бар. Біз келтіріп отырған мәліметтердің тек ресми түрде тіркелген қылмыстар саны ғана екенін де естен шығармаған абзал. Шалғай елді мекендерде орын алып жататын төбелестер мен ұрлықтар, басқа да ұсақ-түйек бұзақылықтар, әрине, тіркеліп жатқан жоқ. Осындайда қылмыстарды ізгілендіру олардың санын азайтады деген пікірге де күмәнмен қарауға тура келеді.

Өткен жылы еліміз бойынша 31,9 адамның сотталуы да біраз жайдан хабар берсе керек. Олардың 443-і кәмелет жасқа толмағандар. Бесіктен белдері шықпай жатып түрмеге түскен мұндай жасөспірімдердің болашақ өмірлерінің қандай боларын да ешкім болжап айта алмайды. Оның үстіне жаппай жайлаған жұмыссыздық, жастар проблемасының шешім таппауы ХХІ ғасыр жеткіншектерінің тағдырларын мейілінше қиындата түсуде. Сондықтан да олар бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген қылмыстарға баруға мәжбүр.

Кейде ауыздықтау мүмкін болмай бара жатқан қылмыстар санына қарап отырып, осы бізде полиция және басқа да құқық қорғау органдары бар ма өзі деп те ойлап қаласың. Бірақ полиция бар. Оған үр жаңа автокөліктерге отырып алып қала көшелерінде зымырап жүрген полиция қызметкерлерін көре отырып-ақ көз жеткізуге болады. Олардың не тындырып жүргендері, әрине, басқа мәселе.

Таяуда Алматыда атақты спортшы Денис Теннің кісі қолынан қаза табу ісі бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтіпті. Ішкі істер департаментіндегі ахуал өте төмен. Егер Денистің орнында басқа адам болғанда мұндай резонанс тумас еді. Заң қылмыскерлерге еркіндік беріп отыр. Полицейлердің кәсіби деңгейлері төмен, кадр тапшы деген сияқты пікірлер айтылған сол жиында. Орынды пікір. Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Шибутов 2017 жылы Алматыда 45 мың ұрлық жасалғанын, соның тек 4 мыңы ғана сотқа жетіп, қалғандары сол күйі ашылмай қалғанын атап көрсеткен. Өкінішке қарай, бұл еліміздің барлық өңірлеріне тән құбылыс десек, шындықтан онша алыс кете қоймайтынымыз анық.

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын жұмыс бабымен Қытайда болдық. Сөз орайында әзіл-шыны аралас мынадай ығы-жығы халықтың ортасында өмір сүру қиын емес пе деп сұрадық сол елде оқып жатқан жерлестерімізден. Сенесіздер ме, 20 миллион тұрғыны бар (Қазақстанның халқынан көп) қалада түннің кез келген уақытында жападан жалғыз көшеде жүре беруіңе болады, ешкім саған келіп тиіспейді, деп жауап берді бір жерлесіміз.  Бір кездері үйлеріне құлып салуды да білмей, ашық-шашық өмір сүрген халық бүгінде бейне-бір бес қаруын асынып келіп қалған жау­дан қорғанғандай, пәтерлеріне темір есіктер орнатып, терезелерін торлап алды. Бірақ ол да қазіргі заманның әккі үй тонаушыларына кедергі болып жатқан жоқ. Енді не істеуіміз керек?

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Қарқаралы ауданы Қоянды жәрмеңкесінің 170 жылдығын атап өтті

16.08.2018

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

15.08.2018

Қазақстан 2019 жылы 5G интернетке қол жеткізеді

15.08.2018

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

15.08.2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15.08.2018

БҚО: Шалқар көлінде 4 адамды құтқарылды

15.08.2018

«Хат қоржын»

15.08.2018

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

15.08.2018

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

15.08.2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

15.08.2018

Алдағы тәулікте күн суытады

15.08.2018

Астананың апорты

15.08.2018

«Егеменнің» қолдауымен «Ұлы Дала рухы» фотокөрмесі өтті

15.08.2018

Адам Пжегодскийдің Жетісудағы көпқырлы қызметі

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу