Ұлт тағылымы

Ұлтты өсіретін, ұлы ететін ақаусыз мөлдір бағыт бар, ол – ұлт тағылымы. Ұлттық тағылымы мықты мемлекеттер қанша жерден тығырыққа тірелсе де, береке-бірліктің, ақыл-ойдың, алып жетекшілердің бастауымен қиындық атаулыны жеңіп, шөңгедей жабысқан пәленің бәрін жолда қалдырады.

Егемен Қазақстан
01.08.2018 71
2

Оны «Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым», «Дардай болып келгенмен, Бордай болып үгілген, Басы барлар иіліп, Тізесі барлар бүгілген», деп келетін «Күлтегін» тасындағы рухты сөздер ел мен жердің иесі атқарар жұмысты алға тартып, ол орындалса, өктемдіктің өрісі тарылатынын көрсетіп отыр емес пе? «Ата жұрты бұқара, Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп» деп ХV ғасырда Асан қайғы жар салып, ғаріптіктен құтылу ата жұртты сақтау екенін жеткізеді. Бостандыққа қол жетпей, бодандықта қалудың сор екенін «Қол-аяғым бұғауда, Тарылды байтақ кең жерім», деп оны істеп отырған «Қайырымсыз болған хандарға, Тиер мекен бір күні, Жолбарыстай шеңгелім», деп қатуланған Жиембет жырау аңсары ақталып, елдігімізді алдық.

«Уа, көсіле шабар жерім бар, Ту көтерген ерің бар. Қол боларлық елің бар, Атадан қалған сара жолың бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға, Арылмайтын сорың бар... Құлдық ұрсаң дұшпанға, Еркек болып туды деп, Мына сені кім айтар», деп Төле би еріне сенім артса, Қазыбек би өзінің «Жеті жарғысында» ұрлық пен қорлыққа қарсы шығып, адал еңбекпен күн көруге шақырып, «Арам жемейік, адал өлейік» депті. Жігіттің жақсысы «Дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген», деп «Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ. Біз үш жүз керіспей, келісейік, Ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей, Хандық түгіл, ондық та жоқ», деп тұйғындай тіліп түсетін Әйтеке би тағылымы таңдайымызға балдай жұғып, санамызға ұлт ұйытқысы – үш бидің үлгісі дарыса, қане! Сөз бен ойдың кемелі Әбіш Кекілбайұлының «Үш сала – бір арна. Қай істе де, қай тұста да осыны ұмытпасақ, талай кемісіміз түзеліп, талай ортамыз толар еді-ау...» деген тұжырымына да ден қою бір ғанибет секілді.

Осындай тағылымды ақ қағаз, қара сиясыз-ақ ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етіп жеткізіп, отырған даналарымыз бен дараларымыз еді. Ол естен шықса, өзім білемдікке, салғырттыққа салынсақ не жақсыны бағалай алмай, жетесіздікті желкеге шығарсақ  – ұлттық таным өшеді. Ұлттық танымның өшуі – ұлтқа қатер. Қазақты қазақ етіп келе жатқан қай заманда да ұлттық таным. Қызыл империя қысып тұрғанда да елі мен жерін, халқын көкке көтерген азулылар аз болмаған. «Мен қазақтың баласы» демейтін бе еді Қасым Аманжолов.

Бізге қазір не жетпейді? Рухтың мықты­лығы, жан мен тән тазалығы. Ұлттық танымды көбіміз күнкөрістің шеңберімен шектеп қойдық. Өзімізді қойып, бесіктен белі енді шыққан ұрпағымызды ұлттың «құлы» бол  демей, уақыттың құлына айнал­дырып, бәрін ақша шешеді дегенге сендіріп бара жатқандаймыз. Жабайы капитализмнің жексұрын «жетістіктерін»,  нарықтың  кейде халыққа емес, кейбір адамдарға қызмет ететін тұстарын желдей кернетіп, арды емес, ақшаны алға шығарып жібердік. Сөйтіп қазақтың танымына кел­мейтін келеңсіздіктерге жол ашып алдық. Мақ­тау мен мақтануда да қазақы таным жасан­дылыққа ұрыну үстінде. Қазақ осындай болу керек, ол ардың иесі, мемлекет тірегі, обал мен сауапты біледі дей қоймай­тын болдық.

Біз алда айтқан, жақсылық жолға салған бабалар сөзінен көз жазып қалғандаймыз. Өзім өлмейін, өзге не болса ол болсын, кейінгіні көре жатармыз деген сойқан ой да ұлт танымына жат. Оның жетегінде кету ұрпақты жетесіздікке итермелеу болмақ. Тіпті қазірдің өзінде мұндай кесірлі істер әр тұстан байқалады. Кетігі толмайтын, тоймайтын жемқорлық, қатігездікпен жасалған қылмыстар сол немқұрайдылықтың, жақсыға қуанып «ой бәрекелді» демеуде, әттеген-айға «Бұл қалай, ұлт тағылымына жат қой. Өскін ұрпақ мұндай өресіздігімізден қандай тағылым алады демей, е» деп иек көтере салудан болып жатқан жай емес пе екен? Сондықтан ұлттық таным тағылымын әр қазақ, сол қазақтан тараған ұрпақ тектілікпен жүрегіне ұялатса, халықтың бетіне шіркеу болып қонар арсыздық тыйылар еді. Бұл жолда, яғни ұлт ісіне еш сылтау жүрмейді. Оған әлем тарихына үңілсең,  бүгінгі рухты жұрттардың тірлігіне ой жіберсең көз жеткізесің. Тіпті олар үстем күштер лап еткізіп қойған «тозақ отына» да жан бермей келеді.

Ал біз азат елміз. Бұл азаттық – ұлттық таным жеткізген жеңіс. Осы мүдде бірлігіндегі  ұлы жеңіс қазақ өркениетін айқындап, мәңгілікке апарады. Бұл бағдарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «...Ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бо­йы­мызды аулақ салуымыз керек», деген сөзіне әрқайсысымыз ден қойсақ, ақиқаттан аттамас едік. Қиғаш баспас едік. «Адам нан жеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін нан жейді» десе Сенека, Алаш арысы Смағұл Сәдуақасұлы ұлттың келешегі кемел болуы үшін «Кемшілікті айту – ұят емес, бар кемшілікті жоқ деп, одан құтылуға тырыс­пау ұят» дейді. Бұл сөздердің арғы жағында да ұлттық таным жатқаны анық. Ендеше ұлттық танымға зейін қойсақ, зерделі ұрпақ қалыптасар еді.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды

11.12.2018

Алматы облысында «Маревен Фуд» зауыты іске қосылды

11.12.2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

11.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президент мақаласын талқылады

11.12.2018

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 100  жылдығын атап өтті

11.12.2018

Қазақстандық автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

11.12.2018

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2018

Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілеріне алғыс білдірді

11.12.2018

Қазақстанда ойнайтын үш футболшы Арменияның үздігі атануға үмітті

11.12.2018

Аян Бейсенбаев «Жыл спортшысы» атанды

11.12.2018

Теміртас Жүсіпов: Жылдың үздік боксшысы атағын аламын деп ойламадым

11.12.2018

Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты

11.12.2018

Ж.Қасымбек әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

11.12.2018

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артты - А.Евниев

11.12.2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

11.12.2018

Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды

11.12.2018

Н.Нығматулин Чехияның Қазақстандағы Елшісі Э.Жигованы қабылдады

11.12.2018

ЖІӨ тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр - ҰЭМ

11.12.2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

11.12.2018

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу