Қазақстан • 04 Тамыз, 2018

Astana Hub ТМД елдерінің стартаптарын дамытуға көмектеседі

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Astana Hub IT- стартаптар халықаралық технопаркінің базасында акселерация бағдарламасының екінші толқыны іске қосылды.

Astana Hub ТМД елдерінің стартаптарын дамытуға көмектеседі

14 стартап-командалар іріктеуден өтіп, стартаптарды дамытудың қарқынды бағдарламасына қатысушы ретінде тіркелді. Astana Hub акселераторы - ол стартаптарды дамытудың үш айлық ақысыз қарқынды бағдарламасы. Акселерация көмегімен командалар клиенттер мен серіктестер және инвесторлар үшін тартымды тиімді әрі ауқымды бизнесті құрады.

Қатысушылар ЭКСПО аумағында тегін жұмыс кеңістігін иеленіп, стартап диагностикасы, бизнес-процестерді ретке келтіру, инвестициялар мен жобаларды жылдамдатып дамыту қызметтерімен қамтылады. Іріктелген 11 стартап Қазақстаннан болса, қалған командалар Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейден келгендер. Astana Hub командаларға бірқатар қолайлы тетіктерді ұсынады. Осы орайда трекинг, білім мен консалтинг, стартаптар аукционы, PR, сондай-ақ корпорациялар мен мемлекеттік органдарға байланысқа шығу мүмкіндігі ескерілген. Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда Astana Hub технопаркі базасында акселерацияның бірінші бағдарламасы басталды. Бағдарлама қорытындысы бойынша қазақсатандық 10 ІТ-стартап іске қосылды. Олар акселерацияның үш айында 28 млн теңге сомасында алғашқы инвестицияларды тартып, өздерінің бизнес-моделін дамытудың жаңа деңгейіне шығарды.