Қазақстан • 04 Тамыз, 2018

«Астана-Париж» веломарафоны басталды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық зағип және нашар көретін азаматтардың «Blind Race Astana-Paris» құрлықаралық веломарафоны басталды.

«Астана-Париж» веломарафоны басталды

Велошерудің негізгі мақсаты - салауатты өмір салтымен қатар велосипедті экологиялық таза көлік түрі ретінде насихаттау, сондай-ақ әлеуметтік және экотуризмді дамыту. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар үшін велоспортты параолимпиадалық спорт түрі ретінде дамытуға жағдай жасау.   Құрамы 16 зағип және нашар көретін жандардан тұратын веломарафоншылар Азия мен Еуропаны жалғастыратын 6 ел (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша, Германия, Франция) мен 30 қаланы (Мәскеу, Минск, Варшава, Берлин, Франкфурт-де-Майне, Париж т.б.) қамтып, барлығы 6 мың шақырымға жуық жолды бағындыруды көздеуде.

«2016 жылы мүгедектігі бар азаматтарға арналған спорттық жарысқа қатыстым, шараның ұйымдастыру жағы өте төмен болды, ешқандай жағдай  жасалмаған, қазір параспорт бір ізге қойылған. Сол кезде маған өзімізден бастамасақ болмайтыны түсінікті болды. Міне бүгінгі веломарафон соның жемісі десек те болады, яғни зағип және нашар көретін жандар да қоғамның бір бөлігі, біздің де өздігімізден жүріп- тұрып, қоғамға пайдамызды тигізе алатынымызды дәлелдеу. Сонымен қатар негізгі мақсатымыз велоспорт пен параспортты насихаттау және бұндай жоба Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр», -деді «Спорт без границ» жобасының жетекшісі, «Астана-Париж» велошеруінің капитан командасы Бахтияр Базарбеков.