Жекпе-жек • 07 Тамыз, 2018

Азия ойындарына қатысатын жекпе-жек шеберлері анықталды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жакартада алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарына жекпе-жек түрлері бойынша қатысатын спортшылар толықтай анықталды.  Біздің өрендер бұл жарыста самбо, джиу-джитсу, ушу және кураштан өнер көрсетеді. 

Азия ойындарына қатысатын жекпе-жек шеберлері анықталды

Самбодан өтетін жарыста сегіз қандасымыз боз кілемге шығады. Солардың арасынан Бейімбет Қанжановты ерекше атап өткен жөн. Қарағанды облысының түлегі әйгілі «Жас сұңқар» мектебінде осы күрес түрінің қыр-сырына қанықты. 2015 жылы ол Касабланкада әлем чемпионы атанса, 2017 жылғы Сочидегі додада қола медальді мойнына ілді. Аса жеңіл салмақта белдесетін Бейімбеттің Азия чемпионы, Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері, әлем кубогының иегері, жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы деген атақтары тағы бар.  Өзге салмақ дәрежелерінде Бағлан Ибрагим, Әлібек Зекенов, Айбол Айтбек, Назгүл Елмұратова, Айжан Жылқыбаева, Ділдаш Құрышбаева және Динара Қодарова сынды тәжірибелі балуандар өнер көрсетеді. 

Ал жекпе-жектің өзге түрлерінде мына спортшыларға сенім артылып отыр: Джиу-джитсу – Нұржан Сейдуәлі, Дархан Нортаев, Мансұр Қабиболла, Руслан Исраилов, Андрей Гаврилюк, Рамазан Құсайынов, Усман Цуцоев, Мөлдир Мекенбаева және Галина Дуванова.

Ушу – Сухраб Әшімжанов, Алмас Дүйсеев, Әмір Исмаилов, Арыстан Оразов, Әнел Санатқызы және Ырысбек Байдуллаев.

Кураш – Дәурен Дәмен, Сұлтан Жәнібек, Ерсұлтан Мұзаппаров, Бекбол Нұрланұлы, Ботагөз Дүйсембаева, Ұлжан Дүйсембиева және Қалжан Тайжанова.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»